Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды

16:52, 22 ақпан 2018

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Тамара Дүйсенова партия хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысын таныстырды. Мәулен Әшімбаев Тамара Дүйсенованың мемлекеттік қызметте және басшылық лауазымда тәжірибесі бай екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Елбасының партия қызметін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға жаңа хатшының үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.

«Сіздің әлеуметтік саладағы бай тәжірибеңіз партия жұмысына игі әсерін тигізеді деп есептеймін. Себебі, әлеуметтік мәселелерді шешу «Нұр Отан» партиясының басым бағыттарының бірі болып саналады. Сіздің партия қатарына келуіңізбен осы бағыттағы жұмысымызды одан әрі күшейтеміз деп сенемін», – деді Мәулен Әшімбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!