Табиғи газдың бағасы 11,1 пайызға өсті

21:22, 27 наурыз 2017
1501

Кезек «Экономика» айдарында. Гүлмайра, Елбасы 2050 жылға дейін экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға жеткізуді тапсырғандығы белігі. Қазіргі көрсеткіш қандай?

Гүлмайра Қуатбайқызы, тілші:

-Бүгінгі таңда шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 24,9 пайызға жетті. Алдағы 33 жылда белгіленген межені бағындырарымыз анық. Әзірге халықтың үштен бір бөлігі – кәсіпкер. 

Шағын несие ұйымдарындағы токсинді кредиттердің үлесі банктердікінен төмен. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады. Мәселен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, шағын несие ұйымдарындағы кестеден 30 күнге кешіктірілген қарыз ауқымы 3,8 пайызды құрады. Ал банктерде бұл көрсеткіш – 6,7 пайыз. Және ондағы қарыз бекітілген уақытынан 90 күнге кеш қайтарылған. 7 жылда шағын несие ұйымдары токсинді кредиттердің ауқымын 42 пайызға қысқартса, банктер тек 16 пайызға шегерген. Бұл мәліметтер шағын несие ұйымдарының қарыз портфелін жақсартуға ден қойғандығын аңғартады.

ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімді 106 пайызға, ал картель құрамына енбейтін мемлекеттер 94 пайыз орындады. Сәуір айында бұл келісімді тағы жарты жылға ұзарту жайы қарастырылмақ. Себебі бастама әлемдік нарықтағы қара алтын құнына оң әсерін тигізуде. Еске сала кетейік, ОПЕК-ке мүше елдер тәулігіне өндірілетін мұнай ауқымын 1,2 млн баррельге, ал оның құрамына енбейтін мемлекеттер 558 мың баррельге қысқарту туралы шешім қабылдаған болатын. 

«Табиғи газдың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға өсті», – деп хабарлайды «Энерджипром» агенттігі. Яғни көгілдір отынның текшеметрі бір жылда шамамен 17 теңгеге қымбаттаған. Ең жоғарғы баға Алматы және Шымкент қалаларында. Онда газдың текшеметрі – 31-32 теңге. Ал ең арзан өнім Ақтөбе, Атырау, Ақтауда тіркелген. Өсім өндіріс саласында да анық байқалады. Жыл басынан бергі көгілдір отын өндірісі 12,9 пайызға артты. Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда ел халқының 46,3 пайызы газбен қамтылған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!