Семей қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілмейді

09:40, 12 ақпан 2020

Бүгінгі күні Семей қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруді мезгілсіз деп санаймыз, деді ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берілген жауабында. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Ал қалаға ерекше тарихи орталық мәртебесін беру мәселесін Үкімет әлі пысықтайды.

«Бүгінгі таңда Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қабылдаған шаралар семейліктердің өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға және оның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзін-өзі қамтамасыз етуі үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Үкімет Семей қаласына ерекше тарихи орталық мәртебесін беру мәселесін пысықтайтын болады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бүгінгі күні Семей қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруді мезгілсіз деп санаймыз», — делінген Асқар Маминнің жауабында.

Оның айтынша шекара аумағы бұрынғыдай ал орталығы Семей қаласында болатын жаңа әкімшілік-аумақтық бірлік құру және республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру елеулі бюджет шығындарына алып келеді.

Сондықтан қаражатты әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға, елді мекендерді абаттандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға жұмсау неғұрлым тиімді. Бұл қаланың дамуына серпін береді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай туралы мақаласында Семей қаласына ерекше тарихи орталық мәртебесін берілетіні туралы жазған еді.






Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!