«Самұрық-Қазына» 6 айда 10 миллиард теңгеден астам қаржы үнемдеді

12:43, 1 тамыз 2018

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының сатып алулар жүйесіндегі жаңа қағидалары қоржындық компаниялардың жыл басынан бері 10,8 млрд теңге үнемдеуіне негіз болды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта қордың сатып алулар қызметінде 72 стратегияны қамтитын «Сатып алуларды санаттық басқару» бағыты іске асырылуда. Әр стратегия сатып алуларды басқарудың ережелері көрсетілген жеке құжат саналады. Бұл бағыт бойынша тауарды сатып алуға жұмсалатын шығындар, оны сақтау, тасымалдау, қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары, сондай-ақ тауарды қайта өңдеу бойынша сұрақтар міндетті түрде қарастырылады.

Жоғарыда аталған 72 стратегияның 60-ы бекітіліп, жүзеге асырылуда, ал қалған 12-сі әзірлену үстінде. «Сатып алуларды санаттық басқару» жүйесін толығымен енгізу –  45 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің тапсырмасымен Холдингте сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету мен әлеуетті өнім берушілердің арасында бәсекелестікті ұлғайту арқылы қаражатты тиімді басқаруға бағытталған жүйелі өзгерістер кезең-кезеңімен енгізілуде.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың басында холдингішілік кооперация аясында ғана сатып алу мүмкін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізімі 4500-ден 2500-ге дейін қысқарған болатын. Осының арқасынада, шағын және орта бизнес өкілдері үшін сатып алулар тізімдемесі 4 мың позицияға дейін ұлғайды. Бұл шаралар өнім берушілердің арасында бәсекелестікті дамытып, сатып алуларды барынша ашық әрі тиімді өткізуге жағдай жасайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!