Прокурор белгілі банкирді 11 жылға соттауды сұрады

12:54, 25 қыркүйек 2020

Прокурор экс-банкир Жомарт Ертаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Бұл туралы Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекеттік айыптау Ертаев кінәсін мойындап, қылмыстық істі тергеуге көмектескені, шығынды ішінара өтегенін, кәмелет жасына толмаған балалардың әкесі екендігін ескерген.

Прокурор аса ауыр жаза мен онша ауыр емес жазаны біріктіру арқылы 11 жылға соттауды сұраған. Онымен қоса мүлкін тәркілеу, 5 жыл материалдық жауапкершілікпен байланысты коммерциялық және қаржы қызметінен айналысу құқынан айыру, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді талап еткен.

Естеріңізге сала кетейік, Жомарт Ертаев өткен жылдың мамырында Мәскеуде ҚР ІІМ мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының өтініші бойынша ұсталып, Қазақстанға жеткізілген. Айта кетейік ол 1994 жылдан қаржы саласында еңбек етіп, 2002-2007 жылдары атышулы Альянс банкті, 2008-2009 жылдары Еуразиялық банкті басқарды. Соңғы кезде Ресейдегі «Тройка-Д Банк» және «Волго-Окский коммерческий банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!