Премьер-Министр арнайы экономикалық аймақтарға басқарушы компанияларды тартуды тапсырды

11:44, 21 мамыр 2019

Нұр-Сұлтан. 21 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин жергілікті билікке кәсіби басқарушы компанияларды арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға тартуды тапсырды.

«Өңірлерге АЭА-ға және ИА-ға кәсіби басқарушы компанияларды тарту қажет. Тиісті мемлекеттік органдар осы аймақтарды басқару бойынша нақты шаралар қабылдап, тұтастай алғанда қаржыландыру кезінде тек перспективалық және табысты аймақтарды ғана қолдау қажет», — деді Мамин сейсенбі күні Үкімет отырысында.

Ол АЭА мен индустриялық аймақтарда бір терезе қағидаты бойынша тиімді жұмысты жолға қою қажеттігін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол мемлекеттік органдарға үш жылдық кезеңге арналған арнайы аймақтарды дамыту стратегиясын дайындауды тапсырды.

«Жауапты органдар үш ай мерзімде әрбір АЭА-ның үш жылдық кезеңге арналған даму стратегиясын әзірлеуі қажет. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында әр аймақтың даму жоспарын тыңдау керек», — деп қортындылады Мамин.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!