Павлодар облысы әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалған

18:45, 16 қаңтар 2020

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны расталды.

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі 15 қаңтарда Б. Бақауовқа қатысты лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлімі 3-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іске сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізілгенін хабарлады.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Осы кезеңде толық деректер тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, кеше «Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ұсталды» деген ақпарат тараған еді.

Алайда ҰҚҚ мәлімдемесіне дейін бұл ақпаратты растаған да, терістеген де жоқ.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет БАҚ өкілдеріне әкімнің әкімдік ғимаратында емес, жұмыс бабымен қалада жүргенін айтқан. Ал онымен бірге ұсталды деген орынбасары ақпараттың шындыққа сәйкеспейтінін мәлімдеп, журналистермен кездескен.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!