Мьянма үкіметі рохинджа босқындарын елге қайтара бастады
Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – Мьянма үкіметі аяусыз репрессиядан бас сауғалап, көрші Бангладешке қашқан босқандардың алғашқы отбасын елге қайтарғанын мәлімдеді.
AFP агенттігінің хабарлауынша, Мьянмадан Бангладешке 700 мыңға жуық рохинджа қашқан. Адам құқығын қорғаушылар биліктің қазіргі әрекетін сынады. Мьянмаға қайта оралу – мұсылмандар өміріне қауіпті болуы мүмкін деп есептейді сарапшылар.
Өз мемлекеті жоқ рохинджа мұсылмандары 2017 жылы тамыз айында Мьянма билігі тарапынан аяусыз репрессия мен жаппай азаптау науқанына тап болды. Мьянманы сынаған БҰҰ рохинджаларды ығыстыруды зұлымдығы жағынан этникалық тазалауға пара-пар деп атаған. Дегенмен, Мьянма билігі бұл айыптауларды жоққа шығарып, әскер қаруланған бүлікшілерге қарсы операция жүргізді деп ақталған.
Бангладеш пен Мьянма босқындардың репатриациясын жыл басында жариялаған, бірақ бұл жоспарды орындау бірнеше мәрте кейінге шегеріліп келген.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл