Мұнай өндіруші елдер қара алтынды сатудан қанша табыс тапты?

10:56, 12 шілде 2019

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстан 69,8 мың тонна мұнай сатты және 37,8 млрд доллар табыс тапты.

World’s top export рейтингісіне сәйкес, еліміз 11-орында. Рейтингте Сауд Арабиясы көш бастап тұр. Аталмыш ел Қазақстанға қарағанда 4,8 есе көп табыс тапты.

Шикізат сататын ТМД елдері арасында Қазақстанды тек Ресей (129 млрд доллар) басып озды. Ал, Әзербайжан – 16,1 млрд доллар, Беларусь – 809,9 млн доллар табыс тапты. ТМД-дағы барлық елдерге қарағанда, Молдова мұнай сатудан 23 мың доллар ғана пайда көрді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!