Микроқаржылық ұйымдар алты айда кәсіпкерлерге 43,3 млрд теңге берді

10:23, 23 қазан 2017

Алматы. 23 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда микроқаржыландыру ұйымдары алты айда кәсіпкерлерге 43,3 млрд теңге берді. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңінен 72,7% көп деп хабарлайды ranking.kz.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында шағын несиелердің портфелі 51,2 пайызға өскен.  KMF шағын қаржы ұйымы қызметі отандық шағын несие нарығының өсуіне ықпал етті.

KMF шағын қаржы ұйымы 2016 жылы Қазақстандағы несие портфелінің жыл сайынғы өсімінің 70,5% қамтыған еді. 2017 жылы шағын несие берудің 61,8% өсімін құрады.

Қазіргі уақытта шағын несиенің 50,1%-ін KMF шағын қаржы ұйымы берген. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 44,2% болды.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!