Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы ауысты

14:30, 13 маусым 2019

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ә.Т.Садықұловты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», — делінген жарлықта.

Ол еңбек жолын 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметінде бастаған. Әртүрлі уақытта ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметін (алғаш рет – 2013 жылы), Президенттің күзет қызметін және ҚР Мемлекеттік күзет қызметін басқарды.

2014 жылдың шілдесінен бастап Садықұлов ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – «Арыстан» қызметінің бастығы болды. Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы бар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!