ҚР Президентін ұлықтау рәсімі басталды

11:00, 12 маусым 2019

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz – Елордада жаңадан сайланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі басталды.

Қ. Тоқаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысуда.

Ұлықтау рәсімі барысында Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайланған Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады. Сонымен қатар, Президент рәсім барысында Қазақстан халқына ант береді. Ал ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.



Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!