«Композитор» фильмі Бейжің Халықаралық кинофестиваліне қатысады

12:11, 12 сәуір 2019

Алматы. 12 сәуір. 7 kun.kz – Тұңғыш қазақ-қытай бірлескен киножоба – «Композитор» көркем фильмі IX Бейжің Халықаралық Кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады (The 9th Beijing International Film Festival).

Аталған фестиваль 2019 жылғы сәуірдің 13 мен 20 аралығында Қытай астанасында өтеді. ҚХР негізі қалануының 70-жыл толуына орай кинофестивальдің биылғы тақырыбы – «Отан» деп аталады.

Көркем лента қытайлық композитор Си Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды. Фильмді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және қытайлық «Shineworks Pictures», «China film coproduction corporation» компаниялары түсірген.

Бақытжан Байқадамовтың образын танымал қазақстандық актер Берік Айтжанов сомдаған. Ал Си Синхайды қытайлық актер  Ху Чжунь ойнайды.

Картинаның түсірілімдері 2017 жылы өтіп, фильмнің біраз бөлігі Қазақстанда жүрген.

«Композитор» фильмі Бейжің кинофестивалінде басты жүлдеге – Tiantan («Аспан ғибадатханасы») премиясына әлемнен іріктеліп алынған 14 фильммен қатар таласады.

Бейжің қаласы әкімшілігінің қолдауымен Бейжің халықаралық кинофестивалі жыл сайын 2011 жылдан бастап өтіп келеді. Tiantan Award-2019 премиясының жеңімпаздары 2019 жылдың 20 сәуір күні кинофестивальдің жабылу салтанатында белгілі болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!