Көкшетауда доппер-студент ұсталды
Көкшетаулық полиция үш зейнеткердің 2 миллионнан астам теңгесін алып кеткен дроппер-студентті ұстады, деп хабарлайды
Polisia.kz.
29, 31 тамызда 88, 84, 82 жастағы қала тұрғындарының телефонына белгісіз адам қоңырау шалып, немерелері жол-көлік апатына түскенін хабарлаған. Құқық қорғау органдары қызметкерінің атын жамылған алаяқ мәселені ақшамен шешуді ұсынған. Жалғызбасты зейнеткерлердің туыстарына қоңырау шалуға мүмкіндігі болмаған. Ақшаны 19, жастағы курьер, көкшетаулық колледждің бірінің студенті алып кеткен.
Дропперді полиция қызметкерлері31 тамыз күні ұстаған. Тергеу кезінде студент мұндай жұмысты ұялы қосымша арқылы 27 тамызда тапқанын айтқан. Қазіргі кезде ол қылмыстық жолмен табыс тапқысы келген топ қатысушысы ретінде жауапқа тартылып, «Алаяқтық» бабы бойынша тергеу жүруде.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:20, 22 ақпан 2026
Алматы мен Астанадағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 22 ақпан
-
12:06, 21 ақпан 2026
Астанадағы және Алматыдағы айырбастау орындарындағы доллар бағамы
-
20:04, 20 ақпан 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 21-22 ақпан
-
15:50, 20 ақпан 2026
20 ақпанда доллар бағамы күрт өсті
-
15:45, 19 ақпан 2026
19 ақпандағы сауда-саттықта доллар бағамы қалай өзгерді





