Қазақстанның фотографтары алғаш рет Canon Redline Challenge фотобайқауына қатыса алады
Фотосуреттерге арналған цифрлық шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшы Canon компаниясы жыл сайынғы Redline Challenge 2023 фотосурет байқауының басталуы туралы жариялады.
Биылғы байқауға қазақстандық фотографтар алғаш рет қатыса алады. Бас жүлде – Canon EOS R5 камерасы мен RF 24-105 мм f/4 L IS USM әмбебап объективі. Қазіргі кезде өтінімдерді қабылдау басталған және 16 қыркүйекке дейін жалғасады.
Фотографтар кез келген жанрда дарындылығын таныта алады. Canon Redline Challenge байқауына қатысуға ұсынылған жұмыстар кез келген құрылғыда жасалуы мүмкін. Фотосуреттер композиция, жасампаздық, техникалық шеберлік бойынша және тақырыпты қаншалықты дәл аша алғаны бойынша бағаланатын болады. Жеңімпаз 2023 жылдың қазанында жарияланады.
Айта кетейік, «Бір сәттегі тарих» тақырыбында өткен 2022 жылғы Redline Challenge байқауына 14 000 өтінім беріліп, Чехияның әуесқой-фотографы Иржи Дурдиктің жолсыз жердегі мотоциклмен жарыс суреті жеңіске жетті.
Қатысушылар фотосуреттердің мысалдарымен сілтеме арқылы таныса алады.
Canon Redline Challenge 2023 конкурсына қатысу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





