Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Эдуард Ким

10:55, 12 ақпан 2019

Ким Эдуард Виссарионович – 1965 жылы 4 маусым күні Өзбекстан Республикасы Самарқанд қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

Қазақстанның геологиялық ғылымдар академиясында инженер, кейіннен кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

“Сан” сауда-өндірістік компаниясының сатып алу жөніндегі менеджері қызметін атқарды.

“Сулпак” компаниясында бизнесті дамыту жөніндегі менеджер лауазымында еңбек етті.

“Сулпак” компаниясының бас директоры болып тағайындалды және тең құрылтайшысы болды.

2002 жылы – “Технодом” компаниясын ашты.

Басқа да қызметтері:

2012 жылдың 19 мамырында Уэльсте Эдуард Ким Лондон Олимпиадасының Бүкіләлемдік серіктесі Samsung компаниясының Лондондағы Олимпиада ойындары эстафетасының британдық бөлігінде алаугер болды.

“Теннис федерациясы” Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының президенті қызметін атқарады.

“Аналар үйі” қайырымдылық жобасының қатысушысы.

2018 жылы – Алматы қаласында ашылған Венгрия мемлекетінің құрметті елшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Хоббиі:

Үлкен теннис ойнайды, тау шаңғысымен және велосипедпен сырғанайды, саяхаттауды ұнатады. Техникалық жаңалықтармен, жаңа технологиялармен және автомобильдермен айналысады.

“Технодом” компанисы:

“Technodom Operator” АҚ немесе Технодом – тұрмыстық техника мен электрониканы сататын қазақстандық сауда желісі. Штаб-пәтері -Алматы.

2002 жылы Sulpak компаниясының бұрынғы бас директоры Эдуард Ким негізін қалады. Sulpak-тан кеткен кезде Кимге бизнестің 49% тиесілі болды.

2002 жылдың қыркүйегінде Алматыда “Технодом” компаниясы тіркелді. Sulpak-тан Киммен бірге ұжымның көп бөлігі кетті.

Компания 2015 жылғы мәліметтер бойынша ҚР-да тұрмыстық техника мен электроника нарығында сату бойынша бірінші орын алды (нарықтың 33% – ы).

Қазіргі уақытта TECHNODOM желісіне Қазақстан аумағында 83 дүкен және 1 брендшоп Bang & Olufsen кіреді. Қырғызстан Республикасының астанасында 5 дүкен жұмыс істейді.

“Technodom Operator” АҚ президенті – Исмаилов Ренат Рафикович. Ал Эдуард Ким – Директорлар кеңесінің төрағасы.

Активтері:

Эдуард Ким “Technodom Оperator” АҚ-ның негізін қалаушы және жалғыз иесі болып табылады.

Forbes сайтының мәліметіне сәйкес, 2018 жылғы қорытынды бойынша Эдуард Кимнің жағдайы – $205 млн.

“Қазақстандағы ең бай бизнесмендер – 2018” рейтингінде 29 орынды иеленді.

Дереккөздер: forbes.kz, technodom.kz, wikipedia.org

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!