Қазақстанда 2017 жылы бәсекелі ортаға 325 нысан өткізіледі

11:59, 10 сәуір 2017

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

2016 жылдан бастап Жекешелендірудің кешендік жоспары бойынша 51 млрд теңге сомасына 198 нысан, соның ішінде 7 млрд теңгеге республикалық меншіктің 18 нысаны, 5 млрд теңгеге коммуналдық меншіктегі 95 нысан, 39 млрд теңгеге квазимемлекеттік сектордың 85 нысаны өткізілді. 

Ағымдағы уақытта Жекешелендірудің кешендік жоспарын орындау қайта құрылған және таратылған нысандарды есепке алғанда 47 пайызды құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2017 жылы 325 нысанды сату жоспарланған. Соның ішінде республикалық меншіктің 30 нысаны, коммуналдық меншіктің 177 нысаны, Ұлттық холдингтердің 67 нысаны мен ӘКК-тің 51 нысаны бар. 2018 жылы 61 нысанды сату көзделген.

«2017 жылы 29 тартымды нысанды сату жоспарланған. Соның ішінде 20 – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, 1 – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және республикалық меншіктегі 8 тартымды нысан бар. 2018 жылы 21 тартымды нысанды өткізу жоспарланған. Оның ішінде 1 – коммуналдық меншікте, 10 – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, 3 – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 3 – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және 4-еуі республикалық меншікке тиесілі», – деді Б.Сұлтанов.  

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 18 ірі компаниясын өткізу 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Олардың 8 тартымды компаниясы - IPO/SPO аясында жүзеге асырылады.

«Жекешелендіру нысандарын сату ережесіне қосымша түзетулер әзірленген. Олар жүргізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша сатып алушылармен ЭЦҚ-мен электронды шарттарға қол қоюға мүмкіндік береді. Бұл сауда-саттық шарттарына қол қою үдерісін жеңілдетіп, сатушымен артығымен байланысуды шектейді», – деді Б.Сұлтанов.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолауында Үкіметке Кешендік жоспар бойынша ұйымдарды жекешелендіруді жылдамдатып, 2018 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!