Қазақстанда жеңіл автокөліктердің саны 14,2%-ға өсті

12:33, 17 маусым 2019

Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанда 308794 жеңіл автокөлік тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,2%-ға көп, — деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Елімізде 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 3942,1 мың бірлікті құрады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде 4242 адам зардап шеккен 6237 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 1,1%-ға азайған.

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 9,7 млрд теңге сомасына 25610 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!