Қазақстанда қолма-қол ақша айналымы азайды
Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың ақпанында қолма-қол ақша айналымы көлемі өткен айдағы көрсеткіштен 1,6%, 2018 жылдың желтоқсанынан 5,5% қысқарып, 2,134 трлн теңгені құрады, – деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Ұлттық банктің ақпаратына сүйенсек, өткен айда қолма-қол ақшаларды, ликвидті теңге депозиттерін қамтитын М1 ақша агрегаты 14,1% азайып, яғни 5,507 трлн теңгені құраған.
Қолма-қол ақшаларды, ликвидті теңге депозиттерін, ликвидті валюталық депозиттердің барлығын қамтитын М2 индикаторы 6,5% төмендеп, 14,814 трлн теңге болған.
Ақша массасы 7,9% қысқарып, 19,72 трлн теңгені құраған. Ақша базасы немесе ҚР Ұлттық банкінің ақшалары биыл қаңтар айында 6,7% азайып, 6,519 трлн теңге болған. Қысқаша түсінік бойынша, ақша базасы 9%, яғни 5,874 трлн теңгеге дейін кеміді. Екінші деңгейлі банктер және басқа да ұйымдардың ҚР Ұлттық банкіндегі депозиттерінің көлемі 10%, яғни 4,06 4,06 трлн теңгеге дейін азайды.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





