Қазақстанда ет, көкөністер мен жемістер қымбаттады

16:44, 9 қазан 2019

Алматы. 9 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың қыркүйегінде ауыл шаруашылығы өнімі 2018 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 17,4%-ға қымбаттады.

Статистикалық мәліметтер бойынша, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы бір жылда 20,2%-ға, ал мал шаруашылығы 10,2%-ға өсті.

Ал жыл басынан бері бағаның өсуіне келетін болсақ, ауыл шаруашылығы өнімдері 10,2%-ға қымбаттады. Бұл ретте өсімдік шаруашылығында баға тоғыз айда 12,5%-ға, ал мал шаруашылығында — 3,9%-ға артты.

«2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте арпа 9,7%-ға, жүгері — 7,5%-ға, сұлы — 5,4%-ға, қырыққабат — 4,2%-ға, күріш — 2,8%-ға, қара бидай — 2,2%-ға, пияз — 2%-ға, қызылша — 1,8%-ға, сәбіз — 1,6%-ға қымбаттады», — деп хабарлады Статистика комитетінде.

Сондай-ақ, олардың мәліметтері бойынша бидай бағасы 22,7%-ға, кептірілген бұршақ — 22,4%-ға, күнбағыс тұқымдары — 16%-ға көтерілді.

Бұл ретте қиярбағасы жыл басынан бері 20,5%-ға, қарақұмық — 4,3%-ға, картоп — 1%-ға , кептірілген жасымық — 9% арзандады.

«Ірі қара мал етінің бағасы 7,7%-ға, жылқы еті — 6,9%-ға, қой еті — 6,5%-ға, шошқа еті — 4,3%-ға, құс еті — 2,5%-ға өсті. Шикі сүт 1,9%-ға, ал қой жүні — 21,2%-ға, тауық жұмыртқасы — 2,9%-ға, бал — 1,7%-ға арзандады», — деп түйіндеді комитет.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!