Қазақстан төлқұжаттар индексіндегі позициясын жақсартты

16:38, 20 қараша 2019

Алматы. 20 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Henley&Partners жасаған Әлем төлқұжаттарының (паспорт) индексінде 84-ші орынды иеленді.

Бір жыл ішінде қазақстандық төлқұжат өз көрсеткішін екі позицияға жақсартты, 35,7% жинады.

Атап өтілгендей, бұл елдің соңғы сегіз жылдағы ең жақсы нәтижесі. Ең нашар көрсеткіш 2011 жылы тіркелді – 29,9%.

Бұл ретте Франция азаматтығы бірнеше жыл қатарынан бірінші орынды сақтап келеді. Ел мүмкін болған 100% -дың 83,5%-ын жинады. Рейтингті құрастырушылар осы елдің азаматтарының шетелде өмір сүру және жұмыс істеу мүмкіндігінің жоғары деңгейін атап өтті.

Одан кейінгі орындарда — Германия мен Нидерланды. Сондай-ақ, көшбасшылардың бестігіне Дания, Норвегия, Швеция және Исландия кірді.

Өз кезегінде Ресей бұл рейтингте 42%-ды жинап, 62-ші орынды, Беларусь – 34,8%-бен 86-шы орынды, Қырғызстан – 30,6% жинап, 102-ші орынды, ал Армения — 31,7%-бен 98-ші орынды иеленді.

Ал төмен көрсеткіштер Ауғанстанда (15,4%) және Сомалиде (13,8%) тіркелді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!