Қазақстан мен Италия арасында тікелей әуе рейсі ашылады

13:04, 16 наурыз 2018

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылы Қазақстан мен Италия арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы бүгін Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян айтты.

«Дипломатиялық қызмет атқарған кезімде Қазақстан мен Италия арасында тікелей әуе рейсін ашу жобасын өкінішке орай жүзеге асыра алмадым. Бірақ, 2018 жылы, нақты айтқанда жазда екі елдің арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылатындығына сенемін. Қазіргі уақытта бұл жұмыстармен құзіретті органдар айналысып отыр. Тікелей әуе рейсін ашу үшін келісілуі тиісті заңдық мәселелер бар», – деді Стефано Раваньян.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Италия арасындағы экономикалық байланыстарды еселей түсуге қажетті әлеует жеткілікті. Мәселен, Италия Қазақстанда қолға алынған экономиканы цифрландыру, Жібек жолы жобаларына қызығушылық танытады.

«Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы әлемдік дағдарыстың салдарынан 2014-2015 жылдары біршама құлдыраған болатын. Статистикалық деректерімізге сәйкес, тауар айналымымыз шамамен 2,5 млрд еуроны құрайды.

Әрине, тауар айналымымызда, негізінен, Қазақстаннан импортталатын мұнай және мұнай өнімдері басым. Ал қазақстандық тарап Италиядан киім-кешектен бөлек, мал шаруашылығығында, жалпы өнеркәсіпте қолданылатын құрал-жабдықтарды импорттайды», – деді Раваньян.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!