Қазақстан инвестициялық қоры ет комбинатын 524 млн теңгеге сатты

10:07, 22 мамыр 2018

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ Ақмола облысында қолданыстағы ет комбинатының мүлігін сату жөніндегі мәмілені аяқтады деп хабарлады дүйсенбіде қордың баспасөз қызметі.

«Қазақстан инвестициялық қоры» Ақмола облысы, Бурабай ауданында, Щучинск қаласында орналасқан ет комбинатының мүліктік кешенін сатты. Сауда-саттық істері «Ақпараттық-есеп орталығы» порталында өткізіліп, «KazBeef Processing» ЖШС компаниясы объектіні 524 млн теңгеге сатып алды.

2015 жылдың қыркүйегінде ет комбинатының мүлкі Қордың теңгеріміне қабылданды. Сондай-ақ бос тұрған кешен қалпына келтіру жұмыстары мен өндірісті іске қосу үшін кейіннен жалға берумен қарызға берілді. Қазіргі уақытта жоба 48 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!