Қаңтарда теңгенің құны түспеуіне не себеп

16:01, 15 ақпан 2023

Бүгін ақша айырбастау пункттері долларды орташа бағаммен алғанда 446.94 теңгеге сатып алып, 450.76 теңгеге сатуда. Теңге бағамының нығаюына таңданған көпшілік мұны наурыз айында өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат сайлауымен байланыстыруда.

Алайда доллар бағамының төмендеуі қаңтардан бері жалғасып келе жатыр. Қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге 1$ / 460,52 теңгеге дейін 0,5%-ға нығайды. ҚР Ұлттық банкі таратқан мәліметке сүйенсек,  қаңтарда әлемдік нарықта доллар бағамы төмендеді.

Ішкі жағдайға келсек, қаңтарда квазимемлекеттік сектор субъектілері 453 млн доллар сомасына валюталық түсімді сатты (теңгеге айырбастады), Ұлттық қордан республикалық бюджетке 228 млн доллар мөлшерінде трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату (теңгеге айырбастау),  БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатымен қаңтарда шамамен 120 млн АҚШ долларын сатып алды. Осындай факторлар қаңтарда теңгенің құны нығаюына ықпал еткен. Қаңтарда интервенция жасалмаған.

Сарапшылар ақпанда салық төлеу кезеңі, теңгемен төленетіндіктен, жылда бұл уақытта міндетті түрде теңге құны нығаяды, дейді.

Ал наурыз және алдағы айларда да теңге құнын сақтауы мүмкін. Өйткені әлемдік нарықта жағымды факторлар бар.

ҰБ жақында таратқан хабарламасында «өткен жылы АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің жылдам көтерілуінен кейін сарапшылар көпшілігі 2023 жылы АҚШ экономикасының құлдырауын шамамен 65% жоғары деңгейде бағалап отыр. АҚШ-та рецессия туындаған және ҚХР мен Еуроаймақтың тұрақтылығы сақталған жағдайда, кейбір талдаушылардың, атап айтқанда, Goldman Sachs-тың бағалауы бойынша дамушы елдердегі валюталардың динамикасы оң болады», дейді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!