Jusan Bank «Қазақтелеком» АҚ-ның 9% акциясын сатып алды
Jusan Bank Қазақстан қор биржасында «Қазақтелеком» АҚ-ның 983 мың жай акциясын немесе 9%-ын сатып алғаны туралы хабарлады.
Банктің хабарлауынша акцияларды ашық сауда алаңында сатып алған. Олардың бағасы сатып алу кезінде KASE-де белгіленген нарықтық бағаға тең.
Банк бұған дейін «Кселл» АҚ-мен қызмет көрсету ретінде banking as a service (OGO Bank) саласындағы бірлескен жобаны сәтті жүзеге асырған еді. Сонымен қатар Jusan тобына телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласында кең ауқымды қызметтерді ұсынатын жетекші байланыс операторы «Jusan Mobile» АҚ кіреді. Банк бұған дейін Tele2/ALTEL желісі негізіндегі Jusan Mobile виртуалды ұялы байланыс операторын іске қосты.
«Банк қолданыстағы стратегияға сәйкес телекоммуникация секторындағы, оның ішінде өзі акционер болып саналатын компаниялармен синергияны пайдалану мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырады», деді банктен.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





