Huawei жеке операциялық жүйесін шығаруға дайын екенін хабарлады

12:58, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Ноутбуктар мен смартфондарға арналған операциялық жүйе Қытайда күзге қарай, ал әлемдік нарыққа 2020 жылы шығады.

Операциялық жүйені қолжетімді болған кезден бастап Huawei 2018 жылы ұсынған App Gallery дүкенінен жүктен алуға болады. Huawei компаниясы Google және Microsoft-ның экожүйелерімен жұмыс істеуді жалғастырғысы келетінін тағы бір рет атап өтті. Бірақ АҚШ билігінің тыйымынан кейін таңдау болмайды.

Компания жаңа ОЖ-ні Android жүйесіне толық тыйым салынған жағдайда ғана іске қосады. Қытай БАҚ-ы Huawei өз операциялық жүйесін шығаратыны туралы 21 мамырда хабарлаған болатын. Ол кезде үнсіз қалған компания, бұл ақпаратты ресми түрде растады. Негізі Huawei 2018 жылы-ақ, App Gallery дүкенін ашып, жеке қосымшаларын жасауды бастаған.

Қосымша әзірлеушілерге Android қа арналған өнімдерін App Gallery дүкеніне орналастыруды ұсынған. Өз кезегінде компания маркетингтік қолдауды, оның ішінде қытай нарығында қолдауды уәде еткен.

Айта кетейік, 16 мамырда АҚШ-тың Сауда министрлігі Huawei компаниясын қара тізімге енгізді және АҚШ үкіметінің рұқсатынсыз американдық компаниялардың жабдықтарын және бағдарламалық қамтамасыз етуін сатып алуға тыйым салды. Компаниямен ынтымақтастықты Google, Intel, Qualcomm және т.б. тоқтатты. 21 мамырда Huawei 2019 жылдың 19 тамызына дейін елде жұмыс істеуге уақытша рұқсат алды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!