Google негізін салушылар қызметінен кетті

11:31, 5 желтоқсан 2019

Әйгілі  Google-дың негізін салушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин Alphabet компаниясындағы қызметтерінен кетті.  Пейдж бас директор, Брин – компания президенті еді.

Енді компанияны Google-дың бас директоры Сундар Пичаи басқарады. Ол бас директор болады, ал президент деген лауазым қысқарды. Бриннен кейін ешкім президент деген ат алмайтын болды.

Google-дың негізін салушылар Alphabet-те енді директорлар кеңесінің мүшесі, акционер ретінде компанияның дамуына қатысады.

 Пейдж бен Брин «егер компаниямыз  адам болса 2019 жылы 21 жасқа толатын еді. Бұл АҚШ-та толық кәмлетке толған адам саналады. Баламыздың ұясын тастап шығатын уақыты келді», — деді олар Alphabet басшылығынан кету себебін.

Айта кетейік,  Alphabet – Google-дың бас кеңсесі саналады. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!