Еуропада электр энергиясының бағасы рекордтық деңгейге жетті

13:10, 6 шілде 2022

Әлем. 6 шілде. 7kun.kz – Еуропадағы электр қуатының бағасы ресейлік газдың өзге елдерге жеткізілуінің қысқаруына байланысты рекордтық ең жоғары деңгейге жетті, бұл өнеркәсіп пен үй шаруашылығына ұзақ уақыт бойы теріс әсер етуі мүмкін, деп жазады Financial Times.

Германияда келесі жылға арналған электр қуаты бойынша келісімшарттардың құны бір МВт/сағ үшін 325 еуроға көтеріліп, рекордтық баға орнатты. Жыл басынан бері Франциядағы осындай келісімшарттар бойынша баға белгілеулері екі есеге өсіп, бір МВт/сағ үшін 366 еуроға жетті.

Электр қуатының бағасы газ құнына өте тәуелді, ол қазір төрт айдағы ең жоғары деңгейге жетті. Ресей газ жеткізіліміне шектеу қойғандықтан, өткен жылмен салыстырғанда баға төрт есе қымбаттады.

Жағдай француз атом станцияларының көптігіне техникалық қызмет көрсету мәселелерімен қиындады. Көрші елдер Францияға электр қуатын өндіру үшін қосымша газ қолданса, Еуропа ресейлік экспорттың одан әрі азаюынан қауіптеніп, қысқы мезгілге қор жинауға тырысуда.

«Бұл жағдайды Германиядағы кез-келген адам өз кестелерінде бір жыл бұрын елесте алмас еді», – деді Aurora Energy зерттеу фирмасының жобалар бөлімінің бастығы Ханнс Кениг.

Германияның Федералдық желілік агенттігінің мәліметтері бойынша, Францияға таза экспорт маусымда бір жыл бұрынғы 300 000 МВт таза импортпен салыстырғанда шамамен 600 000 МВт/сағ электр энергиясын құрады. Ұлыбритания да Францияға күнделікті электр қуатын жеткізеді, ол ішкі сұраныстың 10% құрайды.

Гамбург билігі тұрғындарына газ тапшылығы әлі де жалғаса берсе, қыста ыстық суды шектеу қажет болуы мүмкін екенін ескертті. Германиядағы электр энергиясының қымбаттығы қазірдің өзінде тұтынуды азайтты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!