«Эйр Астана» авиацияда қызметкерлердің жетіспеушілігі мәселесін қарастырды
Алматы. 31 қазан. 7kun.kz — «Эйр Астана» компаниясында бүкіл Қазақстан бойынша үміткерлерді іріктеу, жұмысқа алу және дайындау мақсатында «Арманыңды іске асыр» науқаны басталды, деп хабарлайды компания баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда компанияда 5000 қызметкер жұмыс істейді, ал ұшақтар паркінде 31 әуе кемесі бар. «Эйр Астана» әуекомпаниясы 65 халықаралық және ішкі бағыттар бойынша рейс орындайды. Алдағы 10 жылда флотты 64 авиалайнерге дейін кеңейту жоспарланып отыр. Қызметкерлер саны 2020 жылға дейін 11 пайызға артады. Әуе тасымалдаушысы ұшқыштарға, инженерлерге, механиктерге, бортсеріктерге және жолаушыларға қызмет көрсету агенттеріне мұқтаж.
«Қазіргі таңда «Эйр Астана» әуекомпаниясы ab-initio бағдарламасы бойынша ұшқыштарды Испания мен Ирландияда және бортсеріктерді Германия, Ұлыбритания және Қазақстанда дайындайды. Ағымдағы жылдан бастап біз авиатехниктерді Астана қаласындағы өзіміздің инженерлік-техникалық орталығымызда PART-66 стандарты бойынша оқытуды бастаймыз. Осылайша, біз қызметкерлердің жетіспеушілігін толтырып қана емес, сондай-ақ қазақстандық жастарды және беделді мамандарды тәрбиелеу арқылы өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді көрсетеміз», — дейді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.
Әуекомпанияда 1120 бортсерік қызмет етеді. «Эйр Астана» 3 тіл білетін, ұйымшыл және төтенше немесе дағдарыс жағдайында жұмыс істей алатын үміткерлер арасынан іріктейді. Бортсеріктер ұшақтағы және жалпы әуедегі қауіпсіздікке, экипаж ресурстарын басқару, алдын-ала медициналық көмек көрсету, нақты ұшақ түрлері бойынша жұмыс істеу, жолаушыларға қызмет көрсетуді үйренеді. Теорияға үйрету Алматы және Астанада өтеді. Ал практикалық бөлім Франкфуртта Condor орталығында немесе Лондонда British Airways оқу орталығында ұйымдастырылады. Практикалық сабақтар кезінде бортсеріктер шынайы өртті сөндіру және бассейнде суға батқандарды құтқару дағдыларын үйренетін болады.
2018 жылы PART–66 авиатехниктерді дайындау бағдарламасы басталды. 16 айға созылатын курс барысында 15 адамды оқыту жоспарланған. Бағдарламаны бітіріп шыққан үміткерлер екі техникалық мамандықтың бірін алып шығады: «механик-техник» немесе «техник-авионик».
Диана Құрманбекова
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





