БЖЗҚ-ның экс-басшысын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

18:26, 20 қазан 2017

Алматы. 20 қазан. 7kun.kz  — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының экс-басшысы Руслан Ерденаевты қамауда ұстау мерзімі 28 қазанға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

Бұған дейін Алмалы аудандық сотының қаулысымен Руслан Ерденаев, Мұса Бахытов, Бақытжан Кенжебаев, А.Найзағаринді қамауда ұстау мерзімі 2017 жылдың 28 қыркүйегіне дейін ұзартылған еді.

Сотқа дейінгі тергеу орындары Р.Ерденаев пен өзге де тұлғаларға меншікке қатысты ҚР ҚК 189 бабының 4 тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деп айып тағып отыр.

Еске салсақ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның активтерін инвестициялау операцияларын тексеру 2016 жылдың 21 желтоқсанында басталған.

 

 

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!