«Болашақ» түлектері Қуандық Бишімбаевты қорғап Президентке ашық хат жазды

15:59, 12 қаңтар 2018

Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – «Болашақ» бағдарламасының түлектері істі болған экс-министр Қуандық Бишімбаевты қорғап, Елбасына ашық хат жазды.

ОТКРЫТОЕ ПИСЬМО ГЛАВЕ ГОСУДАРСТВА ОТ ВЫПУСКНИКОВ ПРОГРАММЫ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН "БОЛАШАК": Глубокоуважаемый…

Posted by Arman Kashkinbekov on 11. jaanuar 2018. a.

ОТКРЫТОЕ ПИСЬМО ГЛАВЕ ГОСУДАРСТВА ОТ ВЫПУСКНИКОВ ПРОГРАММЫ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН "БОЛАШАК": Глубокоуважаемый…

Posted by Arman Kashkinbekov on 11. jaanuar 2018. a.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз Сізге тәуелсіз және гүлденген мемлекетте өмір сүріп, өзімізді дамытуға мүмкіндік бергеніңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз. Әрқайсымыз Сіздің әкелік махаббатыңыз бен қамқорлығыңызды сезінеміз және Сіздің жоғары сеніміңізді ақтауға тырысамыз» деп басталатын хатта олар Қуандық Бишімбаевтың тағдырына алаңдайтындарын білдірген.

«Ол өз елінің нағыз патриоты, замануи экономика саласы мен мемлекеттік басқаруда терең білімді. Сіздің басшылығыңызбен жас маман кезінен табысты мәнсап қалыптастырды. Осы арқылы қазақстандық жастарды мемлекет үшін қызмет етуге ынталандырды. Біз оның қоғамда және жастар арасында сіздің саясатыңызды жүзеге асыруды басты мақсат етіп қойғанын білеміз. Оған сеніп тапсырылған қызметтің барлығында ол барынша тиімді және кәсіби жұмыс атқарды. Оның ішінде «Бәйтерек» холдингі мен Ұлттық экономика министрлігі де бар» делінген хатта.

Сондай-ақ, Бишімбаевтың қоғамдық жұмысқа белсенді араласып, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қауымдастығында ірі жобаларды жүзеге асырғанын, оның білімі мен таланты елімізге әлі де керек екенін атап өткен. Осы істі қарауда қолдау білдіруін сұраған.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің бірі. Хатқа «Болашақ» бағдарламасының 150 түлегі қол қойған. Оның ішінде Президент протоколын басқарған, Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған Румиль Тауфиков, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев та бар.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!