«Бәйтерек» холдингі мен «Mubadala» араб қоры инфрақұрылымдық жобаларға кіріспек

16:24, 16 қаңтар 2017

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев алдыңғы қатарлы араб даму институттары мен қаржылық ұйымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Холдинг баспасөз қызметінің мәліметінше, ұйымдастырылған кездесу барысында Е. Досаев «Mubadala Development Company PJSC» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығымен серіктестіктің мән-жайын талқылады.

Тараптар Қазақстан аумағында инфрақұрылымдық және басқа да жобаларды бірлесіп қаржыландыруды қарастыратын тиісті келісімге қол қойды.

«Біздің бірлескен бастамаларды ары қарай дамыту мақсатында, яғни инфрақұрылымдық және индустриалық жобаларды жүзеге асыру бағытында өзара инвестициялық тұғырнаманы құруды жоспарлап отырмыз»,-деді «Бәйтерек» холдингі басшысы.

Оның пайымынша, дамушы нарықтарда инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру бойынша «Mubadala» қорының бай тәжірибесі мен отандық экономиканы әртарапттандыру тұрғысында «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының белсенді қызметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

 Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!