Банктердің қызметтері мен ролі (курстық жұмыс)
1.1. Банк қызетін ұйымдастыру.
Банк жүйесінің маңызды элементі—банктер болып табылады. Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сон дай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді .
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банк тер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеція ,Генуғ) 14-15 ғғ. Пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруа-шылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде,яғ-ни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшінпайда болған делінеді. XVI- XVII ғғ. Венецияда,Генуеде,Миланда,Амстердама,Гамбурргте,Нюрнбергте саудагер-клиенттерарасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асару үшін жиробанк тер құрылады. Жиробанк тер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металлдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысу-лар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражатттарын жиробанк тер мемлекетке, қалалар-ға және артықшылығы бар компанияларға ссудағы берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде-феодализм тұсында пайда болған деп айтадыды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын растайды. Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады. Өкінішке орай, “банк”сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп қоймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақиқаттығына күмән туғызады.
“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құ-рылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандық-тан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлерің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сон дай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айыр-бас орындарының болуымен сиптталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда опе-рацияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э .д. 2300жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген . Олар б. э. д. VI –ғ. Ежелгі Вавилона салым операциялары : салымдарды қабылдау және оларға пайз төлеу операцияларының жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б . э . д. IV ғ . Ежелгі грецияда да жасалған. Бір айта кететіні , ежелгі гректер салым қабылдай отырып .белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді . Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті . Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі . Банктер қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады . Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті . Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісім – шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп сауда -саттықта делдал қызметін атқарды . Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды . Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді . Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып , үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады . Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған . Осы нормаларға сәйкес , б .э . д. Ш ғ . айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады . Оларға несеилік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген . Тарихшылардың айтуынша , Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай , сондай ақ жер бөлімшелерін сатып алу- сату , және басқа да операцияларды орындаған . Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады , ол жай ғана тауар шығармайды , оның тауары ерекше , яғни ақша төлем құралдары түрінде шығарылады .
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі несие болғандықтан , банкті несиелік мекеме деп атаған . Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі .
Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді . Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан , Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына , екінші жағынан , темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып , темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары ( ет, тері жүн т. б. ) сыртқа шығарылып отырған .
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі , нәтижесінде Ресейлік орталық — өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілуі мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған . Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде : Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан , өзара несие беру қоғамдарынан ,қалалық қоғамдық банктерінен , ипотекалық несие банктері немесе ұзақ несие мекемлерінен және жинақ кассаларынан тұрды .
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап , барлық несие жүйесіндегі – Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік , комерциялық банктердің есеп –ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын , салымдар мен ағымдық шоттардың жарысынан көбін тартып отырған. Басқа мелекеттердің Орталық эмиссиялық бнктерінен Ресейдің мемлекеттік банкінің айырмашылығы , ол тек банктерді несиелеп қана қоймай , сол сияқты өнеркәсіп , сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан .
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан территориясында ірі сауда- өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын Оралда ( 1876 ж.) , Қызылжарда (1881 ж.) , Семейде (1887 ж.) , Омбыда (1895 ж .) және бұрынғы Верныйда (1912 ж.) ашылып жұмыс жасады.
Ірі комерциялық банктер қатарында саналатын Сібір сауда – банкісінің (1872 ж. құрылған) 57 филиалының 7 Қазақстанның бірқатар аудандарында , яғни Омбыда ,Семейде , Қызылжарда , Верныйда , Ақмолада , Қостанайда орналасты. Филиалдары жағынан екінші орынға ие болатын Орыстың сауда — өнеркәсіп банкісінің бөлімшелеріде Қызылжарда , Қостанайда , Оралда , Омскіде ашылды.
Жалпы , Бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің – 6 бөлімшесі , акционерлік – комерциялық банктердің 18 филиалдары , 12 өзара несие беру қоғамдары ,8- қалалық қоғамдық банктер ,сол сияқты 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді . Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.
Мемлекттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда , қарапайым операцияларды жүргізу міндеті қазына иелеріне жүктелді. Қазына иелері тікелей қазыналық палаталарға , солар арқылы мемлекеттік қазына иелеріне бағынышты болды . Біртіндеп қазына иелерінің жүргізетін операциялары жылдамөсе түсті , мысалға : жіберілген вексельдер бойынша комиссиялық және есептік төлемдерді алу ; жәй және шартты ағымдық шоттарды ашу ; мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сақтау ; өмірлік салымдар бойынша пайыз төлеу және т. б. Қазына иелері Қазақстан аумағында үш қазыналық палаталарға : Омбы ,Орынбор және Түркістан палаталарына бағынды .
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер – бұл мемлекеттік банктер болды және олар төмендегідей операцияларды жүзеге асырды :
- вексельдерді есепке алу ;
- тауарларды кепілге ала отырып , ссуда беру ;
- тауар құжаттарын кепілге ала отырып , ссуда беру ;
- ауылшаруашылыққа ссуда беру ;
- бағалы қағаздарды кепілге ала отырып , ссуда беру ;
- қайта есеп жүргізу ;
- вексельдер үшін арнайы шоттар ашу ;
- бағалы қағаздарға арнайы ссуда беру ;
- ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру ;
- барлық есеп – ссудалық операцияларымен айналысу ;
- меншікті бағалы қағаздар шығару ;
- салымдық және ағымдағы шоттар ашу .
«Банк ісі» пәнінің Қазақстанда экономикалык ғылымынын дербес саласы ретінде қалыптасуының терең заңдылықтары Қазақстан Республикасының саяси және экономикалық дербестігі бар тәуелсіз мемлекет ретінде дамып одан әрі өркендеуінің нәтижесінде құрылған және 1993 жылы енгізілген Ұлттық төл теңге айыналысына негізделген екі деңгейлі банктер жүйесінің кемелденіп, халықаралық стандартқа өту процесімен тығыз байланысты. «Банк ісі пәнінің практикалық маңызы зор дербес ғылым саласы ретінде дамуына Ресейлік және Қазақстандық ғалымдар үлкен үлес қосты. Солардың ішінде мына зкономист-ғалымдарды атап өтуге болады: Атлас М.С.-Геращенко В.С., Геращенко В.В., Лаврушин О.И., Красавина Л.Н., Панова Г.С., Ширинская З.Г., Усоскин В.М., Белоглазова Г.Н., Коробова Г.Г., Кроливецкая Л.П., Рогова О.Л., Төлебаев Т.Т., Фридман Ц.Л., Панченко И.В., Саниев М.С., Иришев Б.К . Сейткасымов Г.С., Хамитов Н.Н., Кучукова Н.К., Абдильманова Ш.Р., Сазанов С.С., Калиева Г.Т. шетелдік ғалымдар: Дж.М.Кейнс, И.Фишер, Фридман Милтон, Фридрих ,А. Хайек, Рид Э., Коттер Р., Гилл Э., Смит Р., Джозеф Ф. Синки мл. «Банк ісі» пәнін үйренуде диалектикалық әдіс кеңінен қолданылады. Диалектикалық әдіс қандай-да болмасын экономикалық құбылысты — үнемі динамикалық күйде зерттейді.
«Банк ісі» пәні экономикалық ғылымның дербес және арнайы саласы болғандықтан, бұл пәнді оқып үйренудің әдістері, тәсілдері, логикасы жалпы экономикалық ғылымды оқып үйренудің әдістерімен, тәсілдерімен, логикасымен үндес, астарлас.
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстарғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуьының жаңа кезеңі басталды. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа өтуімен байланысты Үлттық, Банк және Қазақстан Республикасы қаржылық қадағалау Агенттігі тарапынан коммерциялық банктердің қызметтерінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне қойылатын талап күшеюде. Бүған бір жағынан банкаралық бәсекенің ықпалы әсер етсе, ал екінші жағынан шет ел капиталының банк секторына енуі қозғау салды. Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартумен қатар елімізде сыртқы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл процесс өз кезегінде банк менеджментің сапасын халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Міне осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық әзірлігі терең және практикалық қабілеті мол мамандар дайындау мәселесі де жаңа белеске кетерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, накты секторды инвестациялауда, ақша айналымын ұйымдастыруда және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсті.
Қазіргі кездегі коммерциялық банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілермен үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кәсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаруда мамандар үшін банк ісін үйымдастырудың ғылыми және практикалық негізін оқып үйренудің маңызы зор. Жоғарыда аталғандай Қазақстан Ресцубликасы банктерінің халықаралық стандартқа кешуіне байланысты қойылатын талаптар күшейген сайын кәсіпкерлік деңгейі жоғары болашақ банкирлер дайындау жауапкершілігі де арта түспек. Бұл -жауапкершшік «Банк ісі» пәнін жан-жақты, терең әрі сапалы оқытумен тікелей байланысты.
Бұл пәннің өзіндік ерекшелігі , коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру , реттеу және бағалау , өтімділігін басқару , олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып жазылғандығымен сипатталады .
1.2. Қазақстандағы банктік реформалар
Қазақстандағы қайта құру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987-1888жж.) сай келедәі. Банктік реформа нәтижесінде : КСРО-ны Мемлекуеттік банкі және Құрылыс банктерінің Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй- әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде –КСРО Сыртқы экономиакалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты.Сөйтіп,КСРО-ның Орталық банкісіне айналды.
Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандандырылған банктердің республикалық кеңселері(филиалдары) ашылып КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу , ссудалық және басқа шоттарды жүргізеді.Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарда Агроөнеркәсіп банкі,әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарда Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізеді.
Сыртқы эканомикалық банк, экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады. Мамандырылған банктер құрылымы әкімшіл-аумақтық қағидаға сай құрылады. Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктің басқармалары саласында ұйымдастырылады. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашты.
Әр мамандандырылған банктің бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшараларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейіне ғана жүргізілді, ал төменгі денгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын.
Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құруға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығы арта түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.
Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір саласында (өнеркәсіп, құрылыс,ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырылып және несиелеп отырады, яғни, мұнда, бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және пайдалылығы есепке алынбайды. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни, сапасыз ссудалар қатары арта түсті. Жалпы банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысын тығырыққа әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, КСРО Мемлекеттік банктің ролі біршама ешқандай әсер ете алмады. Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі денгейдегі банктік жүйеде жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.
1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері болды:
- Вексель айналысының болмауы ;
- Кәсіпорындардың қарыздарын кешіру, әсіресе ауыл шаруашылығына қатысты;
- Шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу операцияларының байқалуы;
- Банк мамандарының жойылуы;
- Кәсіпорындағы басқа да несие көздерінің болмауынан туындаған монополизмнің орын алуы;
- Пайыз мөлшерлемесінің төменгі денгейде болуы;
- Экономиканың әр саласының қызметіне қойылатын (несие базасында ) банк бақылауының әлсіздігі;
- Бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басып шығарылуы.
1987 жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің монополиясын ауыстырды.1987 жылғы банк жүйесінің қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары басымырақ болды, атап айтсақ:
- Банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала берді;
- Олардың монополизімі толық сақталып, монополистердің саны өсті;
- Реформа жаңа эконокмикалық механизмдердің жоқтығына қарамай –ақ жүргізілді;
- Кәсіпорындар белгілі бір банктерге бекітілгендіктен, олардың несие алу барысында банктердің таңдау мүмкіндігі болмады;
- Клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;
- Ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар құрылмады;
- Банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
- Ағымдық және ссудалық шоттарды бөлу барысында² банктік соғыс² шыға бастады.
- Қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретінде сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөль атқарды. Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда , олардың көрсетіп отырғандай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
I кезең. 1988-1991.(КСРО-ның тұсында )- мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикадағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру ; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекеленген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
II кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары –рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
III кезең.1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі , яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша- несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджетжәне банктермен қарым –қатынас орнатудың классикалық қағидаларыыын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
- Мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
- Коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизімінің жеткіліксіздігі;
- Екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;
- Валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;
- Макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану денгейінің төмендігі;
- Осы уақытқа дейін пайдаланып келген Ұлттық банк пен екінші денгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі ;
- Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету денгейінің жоғарылығы;
ә)Екінші денгейдегі банктерге байланысты:
- Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
- Қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;
- Шаруашылық субъектілерінің несиелеу барысында жобаларды бағалау денгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз денгейде болуы;
- Орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану денгейінің жеткіліксіздігі;
- Прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;
- Банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен денгейде болуы.
Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралыр 1994 ж. Орта кезеңінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министірдің Қаулысына сай арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге байланысты мерзімі өтен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банктің балансынан Қаржы Министірлігінің қармағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.
Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық –импорттық банкке және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты.Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі –35 %құрады. Бұл бір жағынан , ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан Әлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді.Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамти:
Бірінші кезеңде мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100%мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992ж жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.
Екінші кезеңде Халық банкіне пластикалықдебеттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.
Үшінші кезеңде Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сай 01.01.1998ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.
Төртінші кезеңде әмбебап банк –Тұран банктегі мемлекеттің үлесі анықталып, ондағы негізгі боышқор-кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.
Бесінші кезеңде әмбебап банк- Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі -40,3%мөлшерінде анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды. Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан , орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды.
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген рперациялар жүргізді. Олар айналымымен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізілді.
Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
- Ақша айналымын реттеу. Банк — әртүрлі шаруашылық субьектілерінің төлем айналымы жүретін орталық.
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиток чектерді, вексельдерді шығаруменде несиеленді.
- Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
- Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып бөлінеді.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мыс: бұрынғы КСРО да ол мемлекеттік деп., ал қазіргі Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп. аталады.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқығы жоқ эмиссиялық емес бантер. Олар коммерциялық, ипотекалық және т.с.с. банктер.
Инвестициялық және иновациялық банктердің 2 түрі де ұзақ уақытта ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша қаражатын, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ол инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны несиелеуді игереді.
Ипотекалық банктер — жерді және жылжымайтын мүліктерді капілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату, арқылы ақша жинақтайды.
2 Орталық банктерді ұйымдастырудың жолдары.
Тарихи Орталық банктер капиталды меншіктеу жөнінен үш түрге бөлінеді: мемлекеттік орталық банктер; яғни олардың капиталы түгелінен мемлекет меншігінде (мыс. Англия, ГФР, Франция, Канада, Ресей):
Акционерлік қоғамдар (мыс; АҚШ, Италия) Аралас акционерлік қоғам, капиталының бір бөлігі мемлекет меншігінде (Жапония, Бельгия)
Кейбір орталық банктер бірден мемлекеттік (Германияда, Ресейде) кейбіреулері акционерлік қоғам болып ұйымдасып, кейін ұлттық банк болып қайта құрылды (Ұлыбританияда, Францияда).
Кез-келген орталық банктер міндеті – ұлттық ақша өлшемінің төлемі қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай қызметтерді атқарады:
Банкноттарды монополиялы түрде эмиссиялау; ақша несиелік қатынастарды реттеу; сыртқы экономиканың қатынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі .
Орталық банктің ең алғашқы қызметі – ежелден қалыптасқан мемлекеттің өкілі ретінде заңды түрде – банкнота шығару. Орталық банктің банкнота және монета шығару қызметі тарихи біраз өзгерістерге дүшар болды. Мысалы, ақшаның алтын стандарты кезінде орталық банктің банкноталары коомерциялық вексельдермен және алтынмен қамтамасыз етілсе, қазіргі кезде несие ақшаларын айналысқа шығару көбінесе үкімет облигацияларымен қамтамасыз етідің. Сондықтан , банкноталарды шығарудың тауар айналымын тікелей байланысы айтарлықтай азайды, ал оны алтынмен қамтамасыз ету, типті мүлдем жйылды.
Орталық банктің басты клиенті – коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен экономика салалары арасында делдал ретінде қызмет атқарады. Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі – ол орталық банктің мемлекеттің валюталық саясатын жүргізетін және валюталық бақылау органы болды. Ол – ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу; елдің ресми алтын валюта резервтік басқару жөнінде операциялар жүргізу; халықаралық есеп айырысу; төлем баланысын реттеу; елдегі және одан тыс жерлердегі валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау; болжамдарды жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
Орталық банктің банк ісі қызметі – ол орталық банктің кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі яғни орталық банктің негізгі клиенті коммерциялық банктер болды. Бұл оның коммерциялық банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық банктердің кассалық қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады. Бұл қорлар банктік міндетті резерв қорлары деп аталады.
1.3. Орталық банктің ақша-несие саясаты
Орталық банктің ақша несие саясаты деп оның айналымдағы ақша массасын, несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-шараларының жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты-ақша айналымымен несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық конъюктурасын реттеу. Ақша-несие саясаты ия несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, ия оларды реттеуге және шектеуге (несиелік рестрикция) бағытталады.
Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең көп тарағаны төмендегідей:
- Коммерциялық банктерге берілетін несиеге проценттік төлем мөлшерін өзгертуге (ресми есеп мөлшерін, қайтадан қаржыландыру мөлшерін, ломбардтың мөлшерін);
- Банктердің міндеті қорларының мөлшерін өзгерту;
- Ашық нарықтағы операциялар, яғни вексельдерді, мемлекеттік облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялары;
- Валюта курсының саясаты немесе курстық саясат.
Бұл айтылған ақша несиелік реттеу әдістері барлық коммерциялық банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады.
Ал іріктеп тексеру әдісі (селективный метод) кейбір несие түрлерін (мыс: тұтыну несиесін) немесе кейбір шаруашылық салаларын (мыс: үй құрылысын, експорт саудасын) реттеуге қолданылуы мүмкін.
Іріктеп тексеру әдісіне мыналар жатады:
- Кейбір банктерде банк тік несиенің мөлшерін немесе қарызды тікелей шектеу (несиенің шегіне жету деп. аталатын);
- Несиенің белгілі бір түрінің берілуіне тәртіп белгілеу, атап айтқанда, маржа мөлшерін белгілеу, (яғни берілуге тиіс сома мен берілген несиенің арасындағы айырма), депозиттер мөлшері мен несие мөлшерінің арасындағы айырма (маржа – французша өзгешелік шама шегі деген сөз).
Процент мөлшерін жоғарлату еге қысқа мерзімді шетел капиталын тартуға әкеп соғады. Сонамен қатар ол төлем балансы мен валюта курсының деңгейіне де әсер етеді. Қарытындысына төлем баланс актив теліп және шетел валютасын ұсынушы көбейіп, демен шетел валютасының курсы төмендеп, ол ұлттық валютаның курсы жоғарлайды.
Орталық банктің процент мөлшерін төмендету әдісі. Яғни несиені кеңейту саясаты – несиелік экспанция деп. аталады.
Коммерциялық банктердің резервтерін, демен олардың қарыз беру мүмкіндіктері – не міндетті резерв нормасын өзгертудің елеулі әсері бар.
Бағалы қағаздар нарығы дамыған мемлекттерде ақша – несиелік реттеудің көп тараған әдісі –ашық нарықтағы операциялар. Ақша – несие саясатының келесі маңызды әдісінің бірі – валюта курсының саясаты, немесе курстық саясат.
Ұлттық валюта курсының тұрақтылығын сақтаудың баға және ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызы өте зор. Ұлттық валюта курсының төмендеуі ішкі нарықтағы алдымен шетел, содан соң отандық тауарлар бағасын көтереді, яғни ұлттық ақша өлшемінің сатып алу мүмкіндігін азайтады. Ұлттық валюта курсының үнемі төмендеуі жағдайында ішкі нарықтағы тауарлар бағасы өндіріс шығындарына емес, ұлттық валютаның құлдырауына бейімделеді. Курстың төмендеуі инфляцияны тудыратын факторға айналады.
Орталық банк өз қызметтерін банктік пасив және актив операциялары арқылы атқарады. Пассив операциясы деп – банктердің өзіне ақша қаражатын тартып, банк тік ресурс тар құру операциялары, ал актив операциялары деп – осы қаражатты орналастыру операцияларын айтиады. Орталық банктің негізгі пассив операцияларына: банкнота эмиссиясы, коммерциялық банктердің және мемлекеттік қазынашылықтың (қаржы министірлігінің) ақша салымын қабылдауды, банктің өз капиталын құру операциялары жатады. Көп елдерде орталық банктің ақша қорларының негізгі көзі – банкнота шығару, яғни 40 – тан 85% — ке дейінгі пассив операциялары (23; 241). Қазіргі кезде шығарылатын банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмеген өз құны жоқ ақша.
Орталық банктің ақша ресурстарының келесі көзі – коммерциялық банк тер мен қаржы министірлігінің ақшалы салымы. Коммерциялық банктер орталық банктегі ашылған процентсіз Шота міндетті резервтермен қоса өзінің кассалық қорының бір бөлігін сақтауы мүмкін. Кейбір елдерде міндетті резерв тер процентсіз арнаулы шоттарда жинақталады. Ал орталық банктің өз капиталының үлесі пассив операцияларының 4%-ін құрайды.
Есеп – несие операциялары – есептеу операциясы және мемлекетпен банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып 2 түрге бөлінед:
Есептеу операциялары – ол орталық банктің мемлекетпен банктерден вексельдерді сатып алды. Орталық банктің коммерциялық банктерден вексельдерді сатып алуын вексельдерді қайта есептеу деп атайды, себебі коммерциялық банктердің өз клиенттерінен сатып алған вексельдерін орталық банкке сатқанда, олар екінші рет сатып Альп, екінші рет есептеледі.
Кассалық ауытқуды жоюдың келесі әдісі үкіметке 1 жылға дейінгі мерзімге тікелей баактік қарыз беруі мүмкін. Коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қарыз жай және аударым вексельдер мен бағалы қағаздар мен және басқа активтермен қамтамасыз етілген жағдайда бері леді. Бұндай операциялардың бір түрі – ломбард несиесі. Орталық банк әр түрлі мақсатпен бағалы қағаздарға ақша жұмсауы (салым) мүмкін.
Біріншіден, көптеген өркендеген мемлекеттердің кемшілігін жабу мақсатында орталық банктің мемлекеттік облигацияларды сатып Альп үкіметті несиелеудің ең бастр және жалғыз формасы болып табылады. Кейбір елдерде мемлекетті тікелей несиелеу, яғни бюджеттің келешегін жабуға қаржыландыру үшін банк тік қарыз беру жүргізілмейді. (мыс: АҚШ-та, Канада-да, Жапонияда) және (Ұлыбритания да, Швеция да, Швецарияда) немесе бірсыпыра елдерде ол заңмен шектелген (ГФР, Франція да, Нидерландия да). Ескеретін жәйіт, орталық банктің партфелінде мемлекеттік бағалы қағаздардың, әдетте, өте аз бөлігі сақталады. Мемлекетке несие беруші орталық банк емес, коммерциялық банк тер және басқа қаржы – несие мекемелері, компаниялары және халық.
2.1. Несие мазмұны мен принциптері
Экономикалық түсініктегі «механизм» белгілі бір қызметті жандардыруға және бір нәрсені іске қосуға болатын құралдарды білдіреді. Бұл мағынасында «механизм» термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық, оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталатын, басқарылатын обьектіге басқаратын субьектінің әрекет ету мазмұнымен байланысты болып келеді.
Несиелік механизм — нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамсыз ететін несие түрлерінен, несиелеу тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізгі және құрылым бойынша обьективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретінде қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалсының обьективті негізінен айырылып қалар еді.
Несиелік механизм сипатының обьективтігін айта отырып, екі элементті: несиені және несиелік механизмді бір — бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды.
Несиелік механизм несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиенің обьективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субьективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.
Несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзінді ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.
Берілген несиелік механизм тұжырымы бұл механизмнің тек субьективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама – қарсы тұрады. Осы тұрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұнын, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизміне өтелді.
Кез-келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.
Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтері болады:
- несиенің түрлері;
- несиелеу обьектілері;
- несиелеу субьектілері;
- несиелеу әдістері;
- несеиелу процессі (несиелеу механизмі);
- несиелеу принциптері;
- несиелік тәуекелді басқару;
Несиенің түрі- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
- Қарыз алушылар категорияларына қарай:
- Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- Мақсаттты қорларға;
- Банктерге;
- Қаржы – несиелік мекемелеріне.
- Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- Мақсаттты қорларға;
- Банктерге;
- Қаржы – несиелік мекемелеріне.
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындай ұйымдарына;
- жабдықтау – сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге;
- Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
- II. Мерзіміне қарай:
- Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- Орта мерзімді (1 жылдан 3 – 5 жылға дейін);
- Ұзақ мерзімді (5 жлдн жоғары)
III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай;
- Негізгі қорларға жұмсалатын.
- Айналым қаражатына жұмсалатын
- IV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
- Қамтамасыз етілген:
- Кепіл –хатпен;
- Кепілдемемен;
- Кепілдікпен;
- Сақтандырылған.
- Қамтамасыз етілмеген:
- Сенім (бланктік) несиесі.
- Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
- Банкаралық несие — банктердің бір-біріне беретін несиесі.
- Ломбардтық несиесі –тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
- Лизингтік несие – құрал – жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
- Рамбурстық несие — шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдалынатын несие.
- Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттрге берілетін несие.
- Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
- Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.
- Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
- Банкаралық несие — банктердің бір-біріне беретін несиесі.
- Ломбардтық несиесі –тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
- Лизингтік несие – құрал – жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
- Рамбурстық несие — шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдалынатын несие.
- Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттрге берілетін несие.
- Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
- Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысндағы обьективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелерлің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несилік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
I топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі прициптер:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің дифференциалдығы.
II топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
- несиенің мерзіміділігі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің төлемділігі;
- несиенің қамтамасыз етілуі;
Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып – үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жеткшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік — белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белігісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражат белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық прицинпі туындайды.
Несиенің қайтарымдлығы оның экономикалық катергория ретінде басқа да тауарлы – ақшала қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылып ерекшелегімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық- несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтмасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтмасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі. Несиеге қойлатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
- орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
- банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
- өз клиенттеріне депозиттік шоттар бо йынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
- банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс);
- несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады);
- несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
- еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары болуға тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғарту тәуекелі артады).
Несиелеудің келесі бір принципі – берілетін ссудалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте келе, бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген.
80-ші жылдарың аяғына дейін КСРО – да несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы – материалдық құндылықтармен жүзеге асырылып келді. Бұл әрине сол кезден экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік принциптеріне сай негізделуімен, банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізіледі. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.
Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Кепілге берілетін ссуда — бұл қарыз алушының активтерімен қамтмасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалуында болады.
Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің «техникалық қабаты» ретінде бөліп қарастырады.
Несиелеу мезанизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі- бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада нақты әрекет ететін, өзінің субьективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
- несиеге деген өтінішті қарау;
- несиелік қабілетін талдау;
- несиелік келісім-шарт жасау;
- несие беру;
- несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
1-кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі тпотары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар паектінің құрамына жататындар:
- құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттр: азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
- соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
- несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық – экономикалық есебі;
- несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім-шарттар көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы – материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с),
- басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме);
- қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;
- несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
- қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттр тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкесін толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен – жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттары; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық – экономикалық есеп негізінде жасалады.
2-кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен блуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:
- Ссудаға қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушыныңы атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
- Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беледі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім- шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
- Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететінфакторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
3-кезең. Несиелік және кепіл туралы келісім-шарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субьектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі.
- Несиелеу мақсаты және обьектісі;
- Несиенің мөлшері;
- Ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары;
- Несиені қамтамасыз ету формасы;
- Несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- Несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушның беретін құжаттарының тізімі;
- Несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі;
Несиелік келісім-шарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісм-шарттың орын ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады.Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.
Материалдық – заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:
- Клиенттің мүліктерінің кепілі:
- Тауарлы – материалдық құндылықтар кепілі;
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтынан жасалған бұйымдар
кепілі;
в) басқа да тауарлы – материалдық құндылықтар кепілі;
- Бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;
- Сол банктегі депозиттер кепілі
- Жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
- Мүліктік құқықтар кепілі:
- Жалгерлік құқық кепілі;
- Авторлық құқық кепілі;
- Жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісім-шартта мынадай мәселелер қарастыралады:
- Келісім-шарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
- Келісім-шарт заты;
- Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
- Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
- Талап ету құқықтары;
- Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
- Кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
- Тараптардың жауапкершіліктері;
- Ерекше шарттар;
- Дауларды шешу;
- Басқа шарттар.
- Кепіл туралы келісім-шарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтері.
4- кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі — несие лауға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші — белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді). Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
5- кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау несиелік операцияның маңызды кезеңі.
Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы роліне байланысты. Ссуданың қайтарылуна бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының ағымдық шоты басқа банкте ашыған болса, ссуда бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық қыиндықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісім-шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелеуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін. Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны – 30, ал жылдағы — 360 күнмен алынады.
Банк несиелік келісім-шарттың орындауына, қарыз алушының алған несиені пайдалуына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқ да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады. Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты, банк қарыз алушыға әрі қарай несиелуді тоқтату туралы ескерту жасауға, несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі қайтаруды талап етуге құқылы.
2.2. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау жүйесі
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушынң несиелік қабілетін анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек. Қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл коммерциялық банк балансының өтімдігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әркетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын – ала ықпал ететін факторларды оқып үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды. Қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы — онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушның мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті каптиладың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссуадасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын обьективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды:
Қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барыснда қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісім – шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі – оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:
- оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың (акцинерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффициенті негізінде талданады;
- несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі — қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім – шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепіл – хат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шараларының жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы жән ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:
- іскерлік тәуекелді бағалау;
- менеджментті бағалау;
- қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
- қаржылық коэффициенттерді бағалау;
- ақша тасқынын талдау;
- қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
- орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысн қадағалап отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушынң несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отрып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу, және тиімді пайдалану сипатталады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржлық құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты:
- шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;
- несиені қайтару;
- жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
- бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады. Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау жасау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық – қаржылық қызметін жан – жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. ҚР –да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зертеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек 1994ж мәжілісінде №26 қаулы бойынша бекітілген «Қарыз алушының несиелік қабілетін банктердің талдауына байланысты әдістемелік нұсқауы», сондай – ақ АҚШ – та және басқа да елдерде пайдаланылатын әдістемелер де біршама танымал.
Кәсіпорының қаржы – экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде қаржы Министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет теді; «Кәсіпорын балансы» (№1 форма); «Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі» (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы «Кәсіпрпынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі» (№1-Ф- мерзімді – тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның (ұйымеың, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі» (№5-мерзімді — тоқсан-дық – жылдық формалары).
Ұарыз алушының несиелік қабілетін бағалауды мынадай негізгі көрсеткіштер пайдаланылады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері
Осы көрсеткіштердің ішінде аса көңіл аударатыны бұл баланс өтімділігіне байланысты көрсеткіштер.
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, алашақ қарыз, запастар) көлеміне байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды, пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен асылстыру арқылы анықталады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:
- ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған қаражаттар қалдықтары);
- жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар, берешектермен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу; банк ссудалары және кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген ссудалар бойынша жұмысшылары және қызметкерлерімен есеп айырысу). Жеңіл іске асатын талаптар қатарына мерзіміне төлнбеген жөнелтілген тауарлар мен тапсрылған жұмыстар жатпайды. Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда «өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу» бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
- Жеңіл іске асырылатын тауарлы – материалдық құндылықтар (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).
Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байлансты өтімділік коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффиценті қарыз алушының қарызд өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.
Бірақ та алашақ қарыздың сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп аталған шоттырдың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттың нәтижелігін бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.
Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
- автомобилдік несие;
- ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
- тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
- кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т.с.) берілетін несие.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүргілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
- жиһаз;
- сантехника;
- аудио – видео – және тұрмыстық техникалар;
- компьютер және оргтехника;
- басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына; үйдің ішішнде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Мысалға, Қазақстан Республикасындағы жетекші банк Казкомерцбанктің тұтыну несиесін беру шартын 21-кестеден көруге болады.
500000 АҚШ долларына дейін (егер қамтамасыз ету заты – жылжымайтын мүлік болса)
— 3 жылдан 5 жылға дейін жүрілген шетел көлігін сатып алуда 30%
— 5 жылдан 10 жылға дейін жүрілген шетел көлігін сатып алуда 50%
— 3 жылға дейін жүрілгн ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда –30%
— 3 жылдан 5 жылға дейін жүрілген ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда — 50%
— ТМД елдерінің автокөлігі үшін 3 жылға дейін
( теңгеде)
Казкомерцбанк АҚ-ның 2003ж жарнамалық материалынан.
Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:
- қарыз алушының анкетасы
- жеке куәлігі (көшірмесі)
- СТТН (көшірмесі)
- соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.
- Жұмыс стажы туралы жұмыс орынан анықтама.
- жнаұя құрамы туралы анықтама (№3 форма).
- некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі).
- кепілге қоятын мүліктің құжаттары.
Келесі бір дамып отырған несиеге — ипотекалық несиені жатқызуға болады. Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:
- несие мөлшері: жалжымайтын мүліктің бағалау құнының 85% дейін.
- Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан 15% дейін.
- Несие үшін төлем: айына 1,3% (АҚШ долл), 1,7% ( теңгеде).
- Несие валютасы: АҚШ долл. Немесе теңгеде (егер 1 жылдан аспаса).
- Несие мерзімі: 10 жылға дейін
- Қамтамасыз ету түрі: пайдаланатын немесе сатып алатын тұрғын үй.
Жеке тұлғаның төлем қабілеттігін анықтау техникасы әр банкте әр түрлі қалыптасқан. Яғни қысқаша айтқанда барлғына бірдей ортақ әдістеме жоқ. Сондықтан да «Центр Кредитбанк» АҚ-ның қолданылатын әдістемесінен мысал келтірейік.
Қарыз алушының төлем қабілетін анықтау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады. (22кесте)
Қарыз алушы – жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау көрсеткіштері.
Мысалы: Жапарова М.Б деген азаматша 360 000 теңге сомасында тұтыну несиесін 36 айға, 18 % жылдық сыйақы мөлшерлемесінде сұрап отыр делік. Ол кісінің таза табысы – 18 000 теңге және кепіоге жалжымайтын мүлік қояды.
Жоғарыдағы кестедегі көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы Жапарова М.Б. төлем қабілетін былай бағалаймыз:
360000
НҚАТ = = 10000 теңге.
36
360000*0,18
СМАТ = = 5400 тенге
12
НҚСАТ =10000 + 5400= 15400 теңге
15400
ННҚ = = 0,85 (не 85%)
18000
сонымен, қарыз алушымыз төлем қабілетті, яғни оған несие беруге болады. Ендігі қадам кепілге қоятын затын бағалауға арналады. Айталық, кепіл заты ретінде 2 бөлмелі пәтер ұсынылады. Оның нарықтық ( саоыстырмалы) құны 1 500 000 теңге тұрады.
Банк тарапынан бағалаушы –мамандар көмегімен осы пәтердің кепіл құны анықталады. Отандық банк тәжірибесінде кепіл құны пәтердің бағалау құнының 70% -нан аспауға тиіс. Ол үшін мынадай есептеулер жасалады.
- Пәтердің тозу коэффициенті = Пәтердің нарықтық құны * 3% (тозу коэффициенті)= 1500000*0,03=45000 теңге.
- Алдағы уақытта пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі = П2терд34 нары0ты0 09ны * 15% (төмендеу коэффициенті ) =1500000 * 0,15=225000 теңге.
- Пәтердің бағалау құны =Пәтердің нарықтық құны – Пәтердің тозу коэффициенті – Пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі = 1500000 –45000-225000=123000 теңге.
- Пәтердің кепіл құны = Пәтердің бағалау құны * 60%=1230000*0,6=738000 теңге. Бұл көрсеткіш сұралатын несиенің кепілмен қамтамасыз етілу дәрежесін сипаттайды.
2.3.Кәсіпорындарды қаржыландыру — банк қызметінің негізгі қызметі
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себепті банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банк бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздеріде қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды.
Қарыз алушыларға ұсынылған банктің қарыздары көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
Кредиторлар бойынша:
— орталықтандырылған,бюджеттік,банктік,банктікемес қаржылық ұйымдар,коммерциялық,сыртқы:
Қарыз алушылар бойынша:
— қаржылық институттарға,үкіметке (Қаржы министірлігі),бюджеттен тыс қорларға,банктерге,банктік емес қапжылықұйымдарға несиелер:
— экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына,өнеркәсіпкежәне т.б
— жеке кәсіпкерле (заңды тұлға емес қызметті іске асыру):
Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерін ажыратуға долады:
— қысқа мерзімді
— ұзақ мерзімді
Қолдану сипаты мен бағыты бойынша:негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер:
Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:
— қамтамасыз етілген:бланкті(сенімді).
Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен,теңгемен.
Ұсынылған шарт бойынша:авальді,акцепті,акцепті-трамбусты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциялды, дебетті сальдоны жабу несиесі, лизингті, ломбардты, жеңілдікті, анкольді тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфойтинг.
Несиелеудің объектісі бойынша:меншікті айналымқұралдарының жетіспеушілігін толықтыру,материалдық қорлардың жиынтығын:экспортты және импортты тауарларды жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат,материалдар,құралдар жән басқада мүліктер,ломбордтың кепілдік-несиелік операциялары,театрлардың табыстары меншығыстарынң арасындағы маусымдық үзілістер,күрделі салымдарды қаржыландыруға,еңбекақы төлеуге,тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.
Несиенің түрлері – бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас түрінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
Мерзімдері бойынша;
а) қысқа мерзімді (1 – жылға дейін)
ә) орта мерзімді (1 – жылдан 3 – 5 жылға дейін)
б) ұзақ мерзімді (3 – 5 жылдан жоғары)
Несиелеу объектілері бойынша:
а) негізгі қорларға берілетін несие
ә) айналым қорына берілетін несие
Несиелеу әдістері бойынша:
а) қалдық бойынша несие
ә) айналым бойынша несие
Айналым бойынша несие сауда және жабдықтаушы — өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойыншада, қалдық бойыншада несиелеудің элементтері бар.
Мысалы; тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
- несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер.
- экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен байланысты коммерциялық және қаржылық – кез келген мақсат үшін пайдаланылады.
- несие объектілері бойынша: жеке үкіметтік және халықаралық қаржылық ұйымдар беретін.
- мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
Қысқа мерзімді несие- пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер.Олар тауарлы- материалдық құндылықтарға,төлемдердің ағымдағы қажеттіліктеріне беріледі.
Орта мерзімді несие – күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін үй және қондырғылар сатып алу үшін беріледі.
Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингтер.
Ұзақ мерзімді несие – мерзімі 1 – жылдан асатын несиелер жатады.Берілген несиелер қаржылық активтерді,айналым құралын,негізгі қолардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.
Қазіргі кезде осы уақытқа дейін қолданылып келген,кәсіпорындардың, ұйымдардыңхалықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өзі қызметін пайдаланғысы келетін несиелік ұйымды өзі таңдайды.Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банкте ашуға құқылы.
Қалыптасқан несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда,экономика мәтіндеріне еркше көңіл бөлінуде. Тек енсиелеу,кәсіпорындардың уақытша ақша ресурстарындадеген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесініңөтімділігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттерімен несиелеріне және де банкаралық несиеге де қатысты. Бірқатар коммерциялық банктер аталғаннесиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылйғана қолданылатынын көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісінжәне несиелеу жүйесіндегі жалпы”сауда” акцептін сөзсіс оң құбылыс ретінде сипаттауға болады.
Қортынды
Қаржылық тетік тиімділігі- соңғы төлеміне қарамастан , несиені қолдану барысында алынатын жеке құралдардың рентабельділік деңгейінің өсуі болып табылады. Қаржылық тұтқаның тиімділігі қалай еселеуге болады . Осындай және басқа да сұрақтарды шешу үшін қаржылық тетіктің әрекет ету механизмін қарастыру қажет.
Мұнда тиімділік экономикалық рентабельділік және, заемдық құралдардың бағасы – пайыз мөлшерінің орташа есеп арасында қалыптасады.
Сонымен қаржылық тұтқаның тиімділігін құраушы алғашқы , яғни ол дифференциал – заемдық құралдар бойынша пайыздың орташа есеп мөлшері мен активтің экономикалық рентабельділік арасындағы айырмашылық.
Екінші құраушы элементтер- қаржылық тұтқа жағы – бұл қаржылық тетіктің әрекет ету күшін сипаттайды. Бұл жеке және заемдық құралдарт арасындағы қатынастар.
Сыртқы қаржыландырудың негізгі 4 түр іқалыптасқан.
- Акцияларға жалпы түрде жазылу.
- Облигация эмиссиясы, заемдар, несие түрінде заемдық құралдарды тарту.
- Акцияларды ашық түрде жазылу.
- Алғашқы үш тәсілдің комбинациясы.
Американдық қаржыгер , педагог және ғалым Е.Ф. Бритхем былай деп жазады: фирма зерттеу бағдарламасын сәтті аяқтап және болашақта жоғары пайда алуды жоспарлайды, бірақ жаңа пайда болған инвесторлармен құрастырылмаған. Мұндай компания жаңа акциялар шығармайды. Сатып алушы фирмада капитал құрылымына өзгеріс болады.
Пайдаланылѓан єдебиеттер.
Негізгі :
- Стоянова. Е.С. Финансвый менеджмент –М: Перспектива, 1997-574с
- Х. Роберт Основы финансвого менеджмента М: дело, 1993-128с
- Павлова Л. П. Финансвый менеджмент Учебник- М ИНФРА-М 1996г.
- Шим ДЖ. К, Сивл ДЖ.Г. Финансвый менеджмент.-М Инфра- М 2003-1028с
- Брейли Р, Майерс С. Принципы корпоративных финансов; ЗАО “Олимп- Бизнес”, 2003г
Қосымша:
6.Балабанов И.Т Риск- менеджмент М: Финансы и статистика 1996-192с
- Бизнестегі есеп және талдау. Т А Тасмағанбетов Алматы 2002
- Банктік тәуекелдер. А. Шаяхметова
- Құлпыбаев С, Баязитова А Қаржы теориясы. Алматы мерей 2001ж
- К.ш Дүйсенбаев Е.Т Төлегенов Қаржылық талдау Алматы 2001ж
- Анышин В М Инвистиционный анализ. Учобное пособие. М Дело, 2000г
- Радостовец В.В, Шмидит О.И Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп Алматы
- Игошин Н.В Инвестиции. М. Финансы, 2000г
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





