Ауғанстанның кәсіпкерлер делегациясы Астанаға келді

12:39, 3 тамыз 2018

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz – Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Хумаюн Расав бастаған кәсіпкерлер делегациясы Астанаға келді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға 40-тан астам іскер топ өкілдері қатысты, олардың 20-дан астамы ауған бизнесін таныстырды.

Сапар барысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов Ауғанстан делегациясымен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлерінің арасында бірқатар B2B кездесулер өтті. Кездесуге «Қазақ-Инвест», «ҚТЖ», «Қазгеология», «Қазақстан-Экспорт» және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы сияқты ірі қазақстандық компаниялар қатысты.

Тараптар түрлі салалардағы сауда-инвестициялық, ауыл шаруашылығы, жер және әуекөлігі, сондай-ақ геология және минералды ресурстар сияқты түрлі салаларда Қазақстан-Ауғанстан қатынастарының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Қазақстан Сыртқы сауда палатасында еліміздегі орта кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы, көлік және логистика сияқты салалар бойынша кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде сауда-экономикалық қатынастар бойынша екі жақты ынтымақтастық тақырыбында пікір алмасуға мүмкіндік туды.

Конференция қорытындысы бойынша делегация басшылары келісілген хаттамаға қол қойды. Кездесу сындарлы және достық қарым-қатынас жағдайында өтті.

Айта кетейік, 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналым 180,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% -ға жоғары (151,1 млн. АҚШ доллары).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!