Астанада ашық люктер проблемасын қалай шешуде?

22:29, 22 ақпан 2019

Астана. 22 ақпан. 7kun.kz – Астанада ашық люктердің проблемасын құдықтарға тор орнату арқылы шешуде. Қаланың жылу жүйелеріндегі дренажды құдықтарға мұндай торлар 2012 жылдан бері орнатылып келеді, деп хабарлайды Астана әкімінің баспасөз қызметі.

«Астана-Теплотранзит» компаниясының құдықтары адамдардың өміріне қауіпсіз. Оған орнатылған металл торлар екі ересек адамның салмағын көтере алады. Жылу жүйелерінің құдықтары екі түрлі болады. «Құрғақ» (басқару құдықтары) және «ылғалды» (дренажды). «Крандар орнатылған басқару құдықтарының тереңдігі 40 сантиметр ғана және адам өміріне қауіп төндірмейді. Дренажды құдықтар трассаны тазалауға арналған. Жол жөндеу керек болса біз трассаның қажетті бөлігін жауып, қақпағын ашамыз, труба арқылы су құдыққа ағады, құдықтан суды сору құрылғыларымен осрып аламыз. Мұндай құдықтар бір жарым метрден бастап 2-3 метрге дейін барады. Біз бұларға тор қоямыз», – дейді «Астана-Теплотранзит» АҚ учаске бастығы Гадилжан Баймуратов.

«Астана-Теплотранзит» мамандары ойлап тапқан темір тор – 12 миллиметрлік шеңберден жасалған.

«Қалада 13 594 құдық орнатылған, оның 5 591 дренажды құдық. Барлығына тор орнатылған. Бұл тәсілді біз 2012 жылдан бастап қолданамыз. Егер люк ашық болып, адам құлап кетсе, құдық түбіне құламайды. Бұған кепілдік береміз. Торды жылына бір, екі рет тазалау үшін алып тұрамыз», – дейді «Астана-Теплотранзит»АҚ пайдалану қызметінің бастығы Жәнібек Аманбаев. – Люктердің 90-95% торды біз өзіміз орнаттық. Бірақ қала өсіп келеді. Жаңа үйлер, жылу трассалары төселуде. Люктер көбейіп келеді. Қазіргі жобаларда жылу трассаларындағы құдықтарға тор қою міндетті. Құрылыс компаниясы үйді салып, ары қарай жылу жүйесі біздің балансқа беріледі. Люктерді мердігер жасайды, біз қабылдап алу кезінде барлық талапқа сай болуын тексереміз. Оның ішінде тор да бар».

Астана қаласы жылу-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылығы басқармасының хабарлауынша люктердің жабық болуы тұрақты бақылауда. Тиісті компаниялар күн сайын ашық қалғандарын анықтап, түзеп отырады.

Басқарманың мәліметінше қазіргі таңда Астанада 62 142 бақыланатын құдық бар. Оның ішінде «Астана су арнасы» МҚМ – 34 538; «Астана-Теплотранзит» АҚ – 13 594; «Астана Тазалық» ЖШС – 10 340; «Астана-РЭК» АҚ– 3 661; «Астана қалалық жарық» ЖШС – тоғыз.

Ашық люктер бойынша «109» басқару пультіне 2018 жылы – 2 804, 2019 жыл басынан бері – 626 қоңырау келіп түскен. Мұның барлығына тиісті компаниялар тарапынан жауап берілген.

Жыл басынан бері «102» желісіне дюктердің ұрлануы туралы 35 хабарлама келіп түскен, оның 23 бойынша соталды тергеу басталған. 12 факт расталмаған, 11 ұрлық ашылған.

Астана қалалық полиция Департаменті люк ұрлығының алдын-алу үшін тұрақты түрде рейдтер мен сауықтыру шараларын жүргізеді. Қазіргі таңда қалада түсті және түссіз металлдарды қабылдаудың 60 астам пункттері бар.

Қазіргі таңда қала әкімдігі құдықтардың бетін толық санау бойынша жұмыс жүргізуде. Ұрлық болмауы үшін полимерлік материалдан жасалған люктер мен полиэтиленнен жасалған арнайы тор орнатылуда. Ал қазіргі кезде қолданыстағы люктерге темір тор орнатылуда. Бұл ұрланған жағдайда адам, жануарлардың құдыққа құлауынан қорғайды. Қазіргі таңда 6 мың люкке тор орнатылған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!