Арыста 1469 үй жөнделді

12:08, 18 шілде 2019

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz — Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша, Арыста қалпына келтірілген үйлердің саны 18 шілдеге дейін 1469-ға жетті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге елдің 17 өңірі мен Республикалық маңызы бар қалалардың 207 құрылыс компаниялары жұмылдырылған. Бұл шамамен 6868 жұмысшы және 265 арнайы техниканы құрайды.

Еске сала кетейік, әскери полигонда болған оқиғадан кейін Арыс қаласындағы барлық үйлердің 85%-і бүлінгені анықталды. ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын қалпына келтіру жұмыстарымен 100-ден 250-ге дейін үй қамтылады. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!