Апта басында доллар 383 теңгеден сатылып жатыр

12:00, 17 маусым 2019

Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 383,35 теңгені құрады. 14 маусымдағы таңғы сессиямен салыстырғанда (384,18 теңге/$1) ұлттық валюта 0,83 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 383 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 383,44 теңге, жабылу курсы бір долларға 383,30 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 56 млн 600 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 119.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 386 теңге, Алматыда – 386,8 теңге.

Ұлттық Банктің 17 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 384,05 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!