Алматыда аз қамтылған отбасыларға арнап 30 тұрғын үй салынады

16:57, 22 мамыр 2019

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz – Алматы қаласының Алатау және Түрксіб аудандарында көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы басталды, — деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Алғабас-6» шағын ауданында жалпы ауданы 46,5 мың ш.м. 740 пәтерлі 23 үй салу жоспарлануда. Объектіде іргетас орнату жұмыстары жүргізілуде. Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын ауданындағы жеті үй қыркүйек айының соңына дейін салынатын болады. Бұл жалпы ауданы 15,3 мың шаршы метр болатын 280 пәтер.

«Мердігерлік ұйымдар объектіде құрылыс-монтаж жұмыстарын (монолитті, әрлеу және инженерлік желілер) жүргізеді. Жаңа пәтерлерді жергілікті әкімдіктер көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастар арасында бөледі. Барлық пәтерлер таза әрлеуде тапсырылады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!