Алаяқтар атыраулық зейнеткерлердің 1 млн теңгесін жымқырған

11:18, 10 сәуір 2017

Оралда Атыраулық зейнеткерлерден 1 млн теңгені жымқырған алаяқтар қолға түсті. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Өңірлік ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, күдіктілер бір бойжеткен мен екі жігіт. Газ компаниясының қызметкеріміз деп таныстырған олар зейнеткерлердің пәтерлеріне кірген. Сөз арасында олар ақшаның жасанды түрлері көбейіп кеткендіктен сақ болу керектігін ескертіп, купюраны тексеретін аппаратын көрсеткен. Зейнеткерлер құрылғыға қызығушылық танытып жиған ақшаларын тексертіп алмақ болады. Қарттардың ақшаны қайда қойғанын білген олар оны ұрлап кетіп отырған.

Күдіктілер үш зейнеткерден жалпы сомасы 1 млн теңге қаражат жымқырған. Оның ішінде 93 жастағы ақсақалдан — 122 мың теңге, 80 жастағы қариядан — 18 мың теңге және 74 жастағы зейнеткерден 700 мыңнан астам теңге ұрланған. Алаяқтар Орал қаласында қолға түсті. Күдіктілер бірі 1981 жылғы Батыс Қазақстан облысының азаматы. Екіншісі 25 жастағы Алматы тұрғыны. Олар бұған дейін де қылмыстық әрекеттері үшін жауапқа тартылған.

 

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!