Алакөл жағалауын абаттандыру қолға алынады

21:50, 10 сәуір 2017

Мамыр айында «Өнімді жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша шағын несие берілмек. Оның ерекшелігі неде?
 
Бағдарлама аясында 18 млн теңге дейін, 6 пайыздық үстемемен, 7 жыл мерзімге шағын несиелер беріледі.
 
1 теңге субсидия бюджетке 5 теңге салық түрінде қайтты
 
 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша берілген несие бір жылда 78 пайызға артты. Нәтижесінде 2016 жылы 2,6 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 50%-ға жоғары көрсеткіш. Тек «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерге бөлінген субсидия 31,9 млрд теңге болса, олар төлеген салық 182,8 млрд теңгеге жетті. Яғни 1 теңге субсидия бюджетке 5 теңге салық болып қайтқан. 
 
Кәсіпкерлер ғылымды қаржыландыруға 47 млрд теңге бөлді
 
Кәсіпкерлердің ғылымды қолдауы 61 пайызға жетті. Бұл 2014 жылмен салыстырғандағы нәтиже. Іскерлер ғылымды табыс көзі санайды. 2016 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарына кәсіпкерлер 47 млрд, ал мемлекет 22 млрд теңге бөлген. Жоғары мамандандырылған білім беру мекемелері бұл мақсатқа 13 млрд теңге, коммерциялық емес ұйымдар 9 млрд теңге жұмсаған.
 
Дүниежүзілік банк инновациялық жобаларды қаржыландырады
 
Дүниежүзілік банк инновациялық жобаларды қаржыландыруға 30 миллион доллар грант бөліп отыр. Бағдарлама аясында 60-70 технологиялық стартап құрылмақ.
 
Мұрат Сартбаев,  «Өнімді инновацияларды ынталандыру» ЖБТ төрағасының орынбасары:

-Сонымен қатар, постдокторантардың шетелге барып, тәжірибеден өтуіне мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл гранттың соммасы 10 миллион доллар болып отыр. Ең маңыздысы, инновациялық консорциумдарды қаржылай демеуге 35 миллион қарастырылған.
 
Алакөлді абаттандыру қолға алынды
 
Алакөл жағалауын абаттандыруға Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен 500 млн теңге бөлінді. Қаржы көшелерге тас жол төсеу, жарық орнату, «Арбат», сапаржай және автокөлік тұрақтарын көгалдандыруға бағытталмақ. Бүгінде Алакөл жағалауындағы көптеген ғимараттың жағажайға апарар жолы жоқ. Олқылықты жою үшін әкімдік бизнес өкілдерімен арнайы меморандумға қол қойды. Құжатқа сай, кәсіпкерлер күре жолға апаратын жүргінші жолақтары мен жолдарды салуға міндетті. Егер де бұл талаптар орындалмаса, жерінің бір бөлігі мемлекетке қайтарылып, бюджет есебінен абаттандырылады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!