Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам қайтыс болды

22:08, 31 шілде 2022

Ақтөбе облысы. 31 шілде. 7kun.kz – Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Қайғылы жағдай 30 шілдеде 23.30-да Ырғыз ауданының Қалыбай ауылы маңында Самара-Шымкент тас жолында болған

Рөлде Қырғызстан азаматы отырған Honda Fit көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп Lada Largus көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Lada Largus көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы және Honda Fit көлігінің жолаушысы көз жұмды», — делінген хабарламада.

Honda Fit көлігінің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы Ырғыз аудандық ортылық ауруханасына жеткізілді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!