АҚШ-та тұратын қазақтілді ІТ мамандары Qazaq.AI платформасын ашты
АҚШ-та білім алып жүрген белгілі ІТ маманы Тимур Бектұр мен кванттық физика және үлкен датаны сараптау бойынша маман Алтынбек Мұрат жасанды интеллект мүмкіндіктерін қазақ тілінде пайдалануға арналған платформаны іске қосты.
«Жасанды интеллект (AI) технологияларының жаһандық қарқыны денсаулық сақтаудан қаржыға дейінгі, мемлекеттік басқарудан білім саласына дейінгі көптеген салаларда толқындық әсерлерді тудырды. Алайда, осы технология тарапынан аз қамтылған тілдерде жасанды интеллектің жетілуіне қатысты айтарлықтай алшақтық бар және олардың бірі — Қазақ тілі, біздің ана тіліміз. Бұл олқылықты мойындай отырып, оның орнын толтыруға және қазақ тіліне бейімделген жасанды интеллект технологияларын енгізуге ықпал ету үшін Qazaq.AI атты платформамызды назарларыңызға ұсынамыз», деп жазды Тимур Бектұр.
Қазақ тіліне негізделген жасанды интеллекті қолдану мен дамуды күшейту және Qazaq AI жасанды интеллект объективі арқылы қазақ тілін жандандыруға ұмтылған ІТ мамандары «ЖИ көшінен қалмауымыз керек», дейді.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаев Халыққа Жолдауында ІТ технологияны одан әрі дамыту, жасанды интеллекті игеру һәм цифрландыруға айырықша тоқталды.
«Үкімет жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аударуға тиіс. Әлемде алдағы бірнеше жылда осы салаға бір триллион доллардан астам инвестиция салынады деген болжам бар. Жасанды интеллект оны дамыта білген елдердің ішкі жалпы өніміне айтарлықтай үлес қосуы мүмкін.
Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек», деді Президент.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 14 наурыз 2026
14 наурыздағы валюта бағамы қандай
-
17:42, 13 наурыз 2026
14 және 15 наурыздағы демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары
-
12:09, 13 наурыз 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта айырбастау бағамдары – 13 наурыз
-
15:52, 12 наурыз 2026
Қазақстанда доллар бағамы қайта өсті
-
11:25, 12 наурыз 2026
12 наурыздағы Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта айырбастау бағамы





