9-16 наурыз аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

17:28, 19 наурыз 2018

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz — 16 наурыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,8 пайызға (320,19-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 322,72 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 9 наурыздан 16 наурыз аралығындағы маңызды оқиғалар Ангела Меркельді Германия үкіметінің басшысы лауазымына қайта сайлау, АҚШ-тағы инфляция мен бөлшек сауда бойынша деректерді жариялау, АҚШ-тың темір рудасы мен алюминийдің импортына экономикалық баждар енгізу аясында сауда-саттық соғысының ықтималдығына, сондай-ақ АҚШ-қа Қытай өнімдерінің импортына жаңа баждар туралы ұсыныстар топтамасын қарау аясында қобалжудың артуы болды. Осы факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ долларының біраз құбылмалылығына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ** долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Түрік лирасы Moody’s рейтингтік агенттігінің елдің тәуелсіз кредиттік рейтингін Ва1–ден Ва2-ге дейін төмендетуінен кейін және ағымдағы шот тапшылығының болжам 6,9 млрд АҚШ доллары болғанда қаңтарда 7,1 млрд долларға дейін өсуінен кейін 2,9 пайызға (3,81-ден 3,92-ге дейін) әлсіреді;

Ресей рублі Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэйдің Лондоннан Ресей дипломаттарын шығару туралы мәлімдеуінің аясында, АҚШ-та президент Д. Трамптың кампаниясы мен Ресей арасындағы ықтимал келісу туралы баяндаманың жария етілуі, сондай-ақ Ресейдің сайлауға араласуымен байланысты АҚШ-тың Қаржы министрлігінің санкцияларының кеңеюі аясында 1,5 пайызға (56,67-ден 57,52-ге дейін) әлсіреді.

Оңтүстік Африка рэнді елдің бас прокуратурасының экс-президент Джейкоб Зумды жемқорлық бойынша айыптау аясында 1,4 пайызға (11,81-ден 11,98-ге дейін) әлсіреді;
Бразилия реалы 0,6 пайызға (3,26-дан 3,28-ге дейін) әлсіреді.
Мексика песосы 0,4 пайызға (18,62-ден 18,69-ға) әлсіреді;
Индонезия рупиясы 0,3 пайызға (13 797-ден 13 751-ге дейін) нығайды.
Үндістан рупиясы 0,4 пайызға (65,17-ден 64,94-ке дейін) нығайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!