170 млрд теңгеге ҚТЖ облигацияларын сатып алушы белгілі болды

10:33, 16 қазан 2019
432

Алматы. 16 қазан. 7kun.kz — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазан айында 170 млрд теңгеге «Қазақстан темір жолы» облигацияларын сатып алды.

Еске сала кетейік, 3 қазанда ҚТЖ Қазақстан қор биржасында құнды қағаздарды орналастырып, 300 миллиард теңге тартты.

Ұлттық банк компанияның қағаздарын сатып алу фактісін растады.

«2019 жылдың 3 қазанында БЖЗҚ 170 млрд теңге сомасына зейнетақы активтері 15 жыл айналым мерзімімен және жылдық 11,5% сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстан темір жолы» облигацияларын инвестициялады», — деп атап өтті қадағалау ведомствосында.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!