1 қаңтардан бастап Қазақстанда кредит беру талаптары өзгерді
Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz — 1 қаңтардан бастап Ұлттық банк тұрғындарға займ беретін заңды тұлғалардың бәрін бақылап, қадағалайды.
Енді кредит берушілер үшін займ шарты, шекті сыйақы мөлшерлемесі, кредит бюросына ақпарат беру, қарыз жүктемесі коэффицентін сақтау шарттары бірдей болады.
Сондай-ақ, кредит алушыларға қарыз жүктемесін есептеу шарттары өзгереді: табысы күнкөріс мөлшерлемесінен төмен азаматтарға кредит берілмейді, банктерге жеке капиталының жеткілікті болуы туралы талап күшейтілді.
Сонымен қатар, кредит берушілер енді тұтынушылық кредит бойынша төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен жағдайда комиссия мен шартты орындамағаны үшін салынатын айып сала алмайды. Нәтижесінде тұтынушылық кредит бойынша қарыз мөлшері өспейді.
Өзгерістерге сәйкес енді банктерге, салыққа, алимент бойынша қарызы бар жеке тұлғалар 20 АЕК немесе 53 мың теңгеден асқан жағдайда ғана шетелге уақытша тиым салынады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





