Жол тайғанақ болғаны үшін жол тазалаушы жазаланады
© Сурет: Instagram/kolesa_pavlodara
Қазақстанда жол тазаланбағаны үшін қызметкерді жазалау жағдайы алғаш болып тұрғанын айта кеткен жөн. Бұрын жалпы компания жауапқа тартылатын. Мысалы, 2019-2020 жылғы қысқы кезеңде "Қазақавтожол" компаниясына 29 млн теңге айыппұл салынды.
Жақында екі адамның өліміне әкелген жол апаты болды, деп жазады kolesa.kz. Қайғылы оқиға 14 қараша күні 10:40-та тіркелген. Павлодар — Успенка — РФ шекарасы тас жолының 72-шақырымында ВАЗ-21074 пен Volkswagen Passat соқтығысты. "Жигули" жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмған, ал "Пассаттағы" екі адам ауруханаға жеткізілді.
Полиция берген мәлімет бойынша "жетілік" тізгіндеген тұрғын рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу барысында жол қардан уақытылы тазартылмай, көктайғақ болуы апатқа себеп болғаны анықталды.
Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарда "Сотқа дейінгі тергеу барысында 14.11.2021 жол-пайдалану мекемесінің қызметкері автомобиль жолын тазалауға жауапты бола тұрып, қолданыстағы ережені бұзғаны, салдарынан көктайғақ болып, абайсызда екі адамның өліміне әкелген апат болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 353-бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды", — деп жазылған.
Бұл бап бойынша қайғылы оқиға болған жол бөлігін қардан тазартуға жауапты "Қазақавтожол" ЖШС қызметкері белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айырылып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамалуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр