Жаңа ақылы жолдар 15 қарашада ашылады
© Сурет: Қазавтожол
"ҚазАвтоЖол" жеті жолды ақылы режимге көшіру туралы бұйрық әлі тіркеліп жатқанын хабарлады.
Kolesa.kz еске салып отырғандай, жаңа жеті жол бөлігі 1 қараша күні қолданысқа берілуі керек еді. Олар:
Нұр-Сұлтан — Павлодар;
Шымкент — Өзбекстан шекарасы (Ташкентке);
Щучинск — Көкшетау;
Қапшағай — Талдықорған;
Шымкент — Тараз;
Тараз — Қайнар;
Шымкент — Қызылорда.
Алайда Әділет министрлігі құжат тіркеп үлгермегендіктен, бұл іс кейінге шегерілді. Енді жүргізушілер тағы 15 күн аталған жолдармен тегін жүре алады.
Жаңа жолдарда шлагбаум болмайды, тұрғындар өз шотына мобильді қосымшалар арқылы ақша салады. Жобада төлемді автоматты қабылдауға мүмкіндік беретін RFID-таңба беру де қарастырылған.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мамандары I санаттағы жолдың әр шақырымына жеңіл машина мінгендер 1 теңге, ал жүк көліктері 5-25 теңге төлейтінін айтты. "ҚазжолҒЗИ" АҚ II және III санаттағы жолдар үшін сұралатын төлем тарифін анықтау әдістемесін әзірлепті, оның құны қолданыстағы тарифтен әлдеқайда төмен болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





