Заңсыз тіркелген көліктің көбі Түркістан облысында екен
© Сурет: Zakon.kz
8 қараша күні ҚР ІІМ ресейлік нөмірдегі көлік тексерісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 150 мың машина заңсыз қолданылуда, ел азаматтары Ресейде есептен алынған көліктерді сенімхат арқылы жүргізіп жүр, деп жазады kolesa.kz.
РФ ІІМ криминалды полициясы берген тізім бойынша 600 автомобильдің ұрланғаны анықталды. Одан бөлек, біздің азаматтар сақтандырған 210 мың машинаның 88 мыңы Ресейде есепте жоқ.
"Ауадағы" 88 техниканың 12 мыңын Түркістан облысының тұрғындары сақтандырыпты.
Басқа аймақтарда жағдай мынадай:
- Ақтөбе облысында — 10 мыңнан аса;
- БҚО-да — 9 200-ден аса;
- Қостанай облысында — 7 700-ден аса;
- Қызылорда облысында — 6 200;
- Атырау облысында — 5 800;
- Нұр-Сұлтанда — 5 000;
- Алматы облысында — 1 500-ге жуық;
- Алматыда 1 200-ге жуық автокөлік бар.
Не болды?
Қазақстанда ресейлік нөмір таққан көлік жүргізушілерін тексеру басталды. Ресейде есептен шығарылған, бірақ біздің жолдарда жүйткіп жүрген машиналар айыптұраққа қойылып жатыр. Ал Ресейде тіркеуде тұрған, құжаты түгел көлікті жол ережесі мен ел аумағында қолдану мерзімін сақтай отырып қолдануға еш тыйым жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:28, 21 мамыр 2026
Mercedes-Benz ең қуатты электромобилін таныстырды
-
10:56, 19 мамыр 2026
BMW компаниясы соңғы үлгідегі моделін ұсынды
-
11:16, 2 қаңтар 2026
Қазақстандықтар енді көліктеріне өздері нөмір таңдай алады - ІІМ
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық





