Тарифі қымбат. 1 қарашадан бастап жеті жол ақылы болды
© Сурет: Қазавтожол
1 қарашадан бастап Қазақстанда республикалық маңызы бар үлкен жолдар ақылы болды. Ең қымбат тариф жүк көліктеріне енгізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, Нұр-Сұлтан – Павлодар жолында жеңіл көлік жүргізушілері бір доллар төлесе, жүк көлік жүргізушілері 20 есе қымбат төлейді. Балама жол жоқ.
"Ақылы жол енгізу әлемдік тәжірибеге сүйенгенде, дұрыс шешім. Біз сияқты жері ауқымды елде жолдарды тек бюджет есебінен жөндей беру мүмкін емес. Бұдан бөлек Қазақстан транзит арқылы пайда табуы керек", - деген ел президенті Қасым-Жомрт Тоқаев.
Биыл маусым айында қазақ билігі ақылы жол енгізуге дайындалып жатқан кезде, ұзақ жолға жүк таситын жүргізушілер наразылық акциясына шығып, алдымен жол сапасын жөндеуді талап еткен. Олар сонымен жол бойында қызмет ету сервистерінің жоқ екенін айтып шағымданған.
Экономист Айдар Әлібаев жолдарды ақылы ету елде азық-түлік бағасының қымбаттауына әкелді дейді. Оның сөзінше, бүгінде жүк көлігі тасымалы көбейген. Ұзақ жол жүруден көп шығын кетеді дейді сарапшы.
"Премьер-министр Асқар Мамин үкіметте азық-түлік бағасын қалай тоқтатуға болады деген жиналыс өткізеді. Одан кейін бірден жолдарды ақылы ету мәселесін көтереді. Ал азық-түліктің өсуіне осы ақылы жолдар себепкер болып отыр", - дейді Айдар Алибаев.
Жолдарды ақылы ету арқылы Қазақстан қазынасына қанша қаржы түсетіні әзірге белгісіз. Бірақ кейбір жерлерде әлі ақша төлейтін терминалдар орнатылмаған. Сол себептен, ақылы жолдарды енгізу екі аптаға шегерілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр