Ресейлік нөмірі бар көліктерді тоқтатпайды - ІІМ
© Сурет: Zakon.kz
9 қарашадан бастап жол ережесін бұзбаған ресейлік нөмірі бар көліктер тоқтатылмайды. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Хабар 24" арнасының хабарлауынша, полиция қызметкерлері көлікті себепсіз тоқтатқан жағдайда "102" қызметіне немесе +7-708-382-13-76, 7172-71-69-77, 7172-67-75-75.телефондары бойынша байланыс орталықтарына хабарласуға болады.
8 қарашада ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ресейлік нөмірі бар көліктерді тексеруге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасында көліктердің қозғалысы бойынша шарттар жоқ, кеден бекеттері де жоқ. Сондықтан елден тыс көлік сатып алған қазақстандықтар оны тіркеуден өткізуі керек. Сатып алу-сату шарты бойынша көлік сатып алатын қазақстандықтар 10 күн ішінде оларды Қазақстанда тіркеуі керек. Бұл салық төлеу, техникалық байқаудан өткені туралы ақпарат алу үшін жасалады. Бірақ осындай 80 мың көліктің бір де бір иесі Қазақстан Республикасының аумағында тексеруден өтпеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:32, 28 қазан 2025
Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма





